ДИКТОР:Биыл 18-ші рет Көкшетау, Ақмола өңіріне танымал бокс бапкерлері Амангелді Балтабаев, Оразғали Ақанов, Сағынтай Жаманкөзови және Қуанышбек Әжіғұловты еске алуға арналған турнир өтті. Шаршы алаңда кіші жасөспірім боксшылар өнер көрсетіп, күштілері жүлдегер және жеңімпаз атанды.
РКС: Бірнеше күнге созылған балғын боксшылар турнирі спорттың осынау қиында та қызықты түрінің бұқаралық сипат алып келе жатқандығын байқатты. Әсіресе, финалдағы кездесулер өте тартысты болды.
STAND-UP:ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Ақтық сында ең мықтылар жұдырық түйістірді.
РКС: Бапкерлерді еске алуға арналған осынау байрақты бәсекеге қол ұшын созып, Алматыдан Қуанышбек Әжіғұловтың зайыбы Әлия арнайы келді. Ол жасөспірім боксшылардың қадамына қуана қол соқты.
СНХ:ӘЛИЯ ӘЖІҒҰЛОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Менің жолдасым Қуанышбек Асылбекұлы бүкіл саналы ғұмырын боксқа арнады. Көкшетауда талай шәкірт тәрбиеледі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасының спорт шебері Ғайдар Сатанов бапкерлер турнирін үзбей өткізіп келеді. Мен барлық Көкшетаулық жерлестеріме Әжіғұловтар отасының атынан алғысымды білдіремін.
РКС: Әр салмақ дәрежесінің мықтылары финалда қолғап түйістірді.
СНХ: МАНСҰР САҒЫНАЙ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ: Менің қарсыластарымның бәрі жарысқа жақсы дайындалып келіпті. Солардың біоін финалда ұтып, чемпион атандым. Алда облыстық жарыс күтіп тұр. Соған бапкерім Ғайдар Сатанов екеуіміз жақсылап дайындаламыз.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЮРИЙ ДЕРГУНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Негізгі мақсат кейінгі толқын ұрпаққа өңір боксын дамытуға зор үлес қосқан бапкерлерді таныстыру, сол сияқты балалар боксын дамыту. Биыл бұл турнирдің географиясы тіптен артты. 9 өңірден 200-ден астам кіші жасөспірімдер шаршы алаңға шығып, бокстасты.
РКС: Бапкерлерді еске алуға арналған турнирде жүлдегер және жеңімпаз болған боксшылар бағалы сыйлықтармен марапатталды және облыстық құрама командаға үміткерлер іріктелді.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ