ДИКТОР: Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Көңілді жастар алаңы» атты әзіл-сықақтың 1\4 маусымашар ойыны өтті. Сайыста студенттермен қатар жұмысшы жастар да өз өнерлерін ортаға салды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қалалық деңгейде өткен ойынға 8 команда қатысты. Екі құрама Ақжар мен Бурабай аудандарынан келіп, өнер көрсетті. Сондай-ақ ерекше әзілдерімен көрермен жүрегіне орын таба білген Красный Яр көпсалалы инновациялық колледжінің «Достық 68» құрамасы айырықша көзге түсті.
СНХ: ТЕМІРЛАН МЕҢДІБАЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ: Көңілді жастар алаңы бұл бізде әдетке айналған, яғни дәстүрге айналған. Бүгінгі іс-шара жалпы жастардың қозғалысы ғой жастардың бос уақытын осындай керемет күйде, кештерін көңілді өткізу мақсатында өткізіліп отыр. Бүгін бізде қателеспесем, 400-ге жуық көрермен келіп отыр.
РКС: Зал жайдарманға жаны құмар жастарға толы болды. Бурабай ауданынан келген «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының «Жастар» құрамасы саяси және қоғамдық мәселелерді қозғады.
СНХ: АЙБОЛ АМАНГЕЛДИЕВ, «ЖАСТАР» ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Жақсы дайындықпен келдік. Бүгінгі дайындығымызға қарағанда 1\4 ойындарынан 1\2 ойынына өтеміз деген ойдамыз, сенімдеміз.
РКС: Қазылар алқасының шешімімен жартылай финалға 6 команда өтті. Қалған 2 құрамаға да алдағы ойындарға қатысуға мүмкіндік берілді. Айта кетейік, жартылай финал желтоқсан айына жоспарланып отыр.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ