ДИКТОР: Биыл ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша азаматтық бастамалардың II фестивалі өтті. Бағдарлама аясында қоғам қайраткерлеріне шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізілді. Кейін қор өкілдері Led экранда жұмыстарындағы сәтті кейстерді көрсетті.
РКС: "Инклюзивті ата-аналар" қоғамдық қоры екінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Орталыққа 20-дан астам бала келеді. Жазда белсенді демалу үшін балалар бос уақытын таза ауада өткізеді. Бағдарлама қатысушылардың спорттық және шығармашылық іс-шаралар арқылы дамуын ескере отырып құралған. Фестивальде қор жаңа "Велоспорт" жобасын ұсынды, оны жыл бойы жүзеге асыру жоспарланып отыр.
СНХ: МАХАББАТ ҚАСЫМОВА, "ИНКЛЮЗИВТІ АТА-АНАЛАР" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Биыл біз "Комета" қорынан велоспортқа грант ұтып алдық, ол ақыл-ойы бұзылған ерекше балаларға арналған. Бұл жобаны келесі жылы жазда жүзеге асырамыз. Велосипедтер сатып алдық. Велостанок бар. Балалар онымен ғимараттың ішінде де, сыртында да айналса береді. Қар мен жаңбыр еш кедергі келтірмейді.
РКС: Қатысқан облыс белсенділерінің ішінен Асқар Жүсіпов өзінің "Alaman run" жобасын таныстырды. Оның пікірінше, жүгіру мәдениетін насихаттау маңызды. Жүгіру арқылы халықтың денсаулық деңгейі артады деп есептейді.
СНХ: АСҚАР ЖҮСІПОВ, "ALAMAN RUN" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз Көкшетау қаласында жүгіру мәдениетін дамытуға қатысты әлеуметтік құбылыс ретінде "Alaman run" жүгіру клубы жобасын бастадық. Біз наурыз айынан бастап жұмыс істеп жатырмыз. Көптеген жоба бар. Біз тегін жаттығулар, жарыстар ұйымдастырамыз. Демеушілермен, кәсіпорындармен ынтымақтаса жұмыс істейміз. Биылғы жылдың басты оқиғасы – тамыздың 31-інде өткен жартылай марафон.
РКС: Фестиваль азаматтық бастамалардың қоғамдық маңыздылығын арттыруға бағытталған. Оның бірі әлеуметтік мәселелерді шешуге айтарлықтай әсер ете алатын тиімді жағдайларды көрсету. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері Атбасар, Целиноград, Шортанды, Зеренді аудандарынан және Степногорск, Көкшетау қалаларынан келді. Қатысушылардың әрқайсысы өз бастамасымен жоба құрған.
СНХ: ИРИНА ТЕРЕНТЬЕВА - "ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ" ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін біздің облыста бастамашыл топтарға бей-жай қарамайтын, сонымен қатар қоғамдық ұйым ретінде тікелей құқықтық мәртебеге ие болу үшін тіпті заңды тіркеуі бар адамдар келді. Бір-бірімізге қандай қолдау көрсете алатынымызды көрсетеді. Өйткені біз азаматтық белсенділік адамдардың билікке шағымдануынан басталатынын түсінеміз, бірақ біз одан асып кеттік. Біз бір-біріміз үшін көп нәрсе жасай алатынымызды түсінеміз.
РКС: Биылғы жылы қоғамдық ұйымдар 25-тен астам өтінім берді. Фестиваль соңында «Инклюзивті ата-аналар" қоғамдық қорының басшысы Махаббат Қасымованың жобасы үздік деп танылып, 250 мың теңгенің ақшалай сертификаты табысталды. "Ашық жүрек – Открытое сердце" жеке қорының өкілі Олеся Жағыпарова 2 орынды еншілеп, 200 мың теңгелік сертификат берілді. "Талапкер" қоғамдық қорының басшысы Дина Жігітова 3 орынға ие болды. Оған 150 мың теңгенің сертификаты берілді.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.