ДИКТОР: Дәрігерлік жолды ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келе жатқан мамандар көп. Ұлы Отан соғысының ардагері Әубәкір Ыдырысов әскери фельдшер, әкесі еңбек ардагері Сайлау Ыдырысов та, хирург дәрігер болған. Қазақ ССР-і денсаулық сақтау саласының үздігі. Дәрігерлер отбасында дүниеге келген Қуаныш пен Жанар Ыдырысовтар қала тұрғындары мен науқас балаларға арналған медициналық орталық ашты.
РКС: Қуаныш Ыдырысов қазақ мемлекеттік медицина академиясында емдеу ісі факультетін тәмамдады. Содан бері онкологиялық диспансерде дәрігер хирург, онколог-маммолог болып еңбек етті. Қазір бөлімше меңгерушісі болып жұмыс істейді. Жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау саласының үздігі, Ақмола облысындағы жалғыз жедел маммолог дәрігер.
СНХ: ҚУАНЫШ ЫДЫРЫСОВ, ОНКОЛОГ-МАММОЛОГ ДӘРІГЕР: Қазір омырау ауыруы көбейіп кетті. Қатерлі ісіктер,сондықтан осында центрді аштық. Осында науқастарды қараймын,диагностика жасап, обследование өткіземіз. Негізі Ақмола облысы бойынша 2250 адам учетта тұр, қатерлі ісікпен.00:53
РКС: Жанар Ыдырысова жоғары санатты дәрігер. Ол да Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Көкшетау қаласындағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының неврология бөлімшесінде 14 жыл жұмыс істеді, бөлімше меңгерушісі қызметін атқарды. 2023 жылдан бері қалалық емханада дәрігер невропатолог болып жұмыс істейді. Бүгіндері Еуропалық балалар неврологтары, Қазақстанның балалар неврологтары қауымдастығының мүшесі, Ақмола облысының штаттан тыс бас балалар невропатологы.
СНХ: ЖАНАР ЫДЫРЫСОВА, БАЛАЛАР НЕВРОПАТОЛОГЫ: Медициналық орталық ашу біздің аталарымыздың арманы еді. Дәрігерлер отбасынанбыз, сондықтан жеке медициналық орталық болғанын қаладық. Елімізде неврологиялық патологиясы бар балалар көп. Невропатолог ретінде бұл проблеманы жақсы білемін. Аудандарда невропатологтар жетіспейді. Облыстық балалар ауруханасына бәрі бірдей тіркеліп, емделуге мүмкіндігі жоқ. Біз бұл жерде қандай да бір неврологиялық көмек, консультациялық-диагностикалық көмек көрсете аламыз. Мұнда түрлі жаңа туған сәбиден 18 жасқа дейінгі балаларды жүйке жүйесінің түрлі патологиясына байланысты қарай аламыз.
РКС: Орталық түрлі сырқатқа шалдыққан балаларға ем-шаралар жүргізеді. Білікті мамандардың қарауында болады. Айта кетейік, балалармен қатар ересектер арасында да түрлі нерв жүйесінің ауруы өршіп тұр. Әсіресе балалар арасында түрлі неврологиялық сипаттағы сал ауруының етек алып кеткен.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ