ДИКТОР: Биыл Қазақстанда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл айтулы күн еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. Жергілікті өкілетті органдардың жетістіктеріне арналған салтанатты шара Көкшетауда да ұйымдастырылды.
РКС: Салтанатты шараға әр шақырылымның депутаттары, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен жергілікті әкімшіліктің өкілдері қатысты. Атаулы күнмен халық қалаулыларын Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев құттықтап, ел игілігі үшін бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
СНХ: ДАСТАН ӘКІМОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 30 жыл ішінде көптеген оқиғалар бастап өтті. Ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл аталмыш шара бірінші шақырылымнан бастап өңірдің инфрақұрылымын, бюджетін, тұтас кластер қалыптастыруға үлес қосқан ардагерлер мен зейнеткерлерге құрмет көрсетуге арналған.
РКС: Шара барысында қатысушылар қалалық мәслихаттың даму тарихына шолу жасап, депутаттар мен жұртшылықтың бірлескен жұмысының арқасында жеткен табыстарды тілге тиек етті. Өңірді дамытудың негізгі мәселелерін шешуге қосқан үлесіне ерекше назар аударылды. 4-ші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың хатшысы Қымбат Мұстафина халық өкілінің бойында қандай қасиеттер болуы керек екенін атап өтті.
СНХ: ҚЫМБАТ МҰСТАФИНА, IV ШАҚЫРЫЛДЫМДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ: Депутаттар өзінің ісіне адал болуs керек. Адал болғанда, оған халық қалай сенім артты? Біздің мұқтажымызды сізге айтамыз, сіз соны орындатуға тиістісіз. Менің мойнымда, мына иығымда сондай міндетім тұр деу керек. Мен өзімді алатын болсам, менің орындаған міндеттемем бойынша орындамасам, мен осы қаладан кетемін дедім. Өйткені, халықтың көзіне қарайсың? Сен өзің осы бағдарламаңды оқыдың ғой. Сондай ауырлықпен міндет алу керек.
РКС: Шара соңында қалалық мәслихат депутаттарының сіңірген еңбегі ескеріліп, түрлі шақырылымдағы халық қалаулылары мерейтойлық медальмен және Алғыс хаттармен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ