ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында бірнеше әлеуметтік нысан қолданысқа берілмек. Олардың қатарында өңірдегі ең үлкен мектеп бар. Білім ошағы 2 мың орынға шақталған. Жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Марат Ахметжанов білім ошағының құрылыс жұмыстарымен танысты.

РКС: Қоянды ауылында 2 орта мектеп бар. 900 және 1200 орынға шақталған білім ошағында 5 мыңға жуық оқушы 2 ауысымда оқуға мәжбүр. Оларды тасымалдау үшін арнайы автобус берілген. Дегенмен, оқушылардың қауіпсіздігіне алаңдаған ата-аналар елдімекенде мектеп салып беруді сұраған. Осылайша, "Жайлы мектеп" жобасы арқылы ауылда 2 мың орындық білім ошағы бой көтеруде. Қазір ғимаратта ішкі әрлеу және мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Білім ошағы жыл соңында қолданысқа беріледі.

ИНТЕРШУМ:

-) Понимание у нас есть. График есть. Мы хотим до 25-го декабря вести в эксплуатацию.

- С 3 четверта дети будут учиться здесь. Бір ауысымды. 4 спорт залы бар. Жаңағы басқада спорт алаңдары бар. Енді бұл тек қана білім орталығы емес, енді ауылға үлкен спорт, мәдени орталығына айналады.

РКС: Өңір басшысы Марат Ахметжанов жаңа білім ошағының іске қосылуы балалардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына оң әсер беретінің, сондай-ақ қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайтатынын атап өтті.

РКС: Бұдан соң аймақ басшысы ұзындығы 4 шақырымнан асатын айналма су бұру арнасының жұмысымен танысты. Бұл нысан даладағы еріген қар суын Қоянды су қоймасына бұру арқылы көктемгі су тасқыны кезінде елдімекенді су басу қаупін азайтпақ.

ИНТЕРШУМ:

- Сырттан келетін судың бәрін тоқтатамыз. Кетеді. Сондықтан, ең бастысы Дарын Сабырович мынаның бәрін очистка. Мердігер должен быть день и ночь. Вывозиться должен быть снег. Второе, работа с жителями. Қар шығаруды үйінен, бәрі айту керек. Государство должна оказывать качественно государственные услуги. А жители должны исполнять свои обязанности.

РКС: Қоянды ауылының тұрғындары ұзақ жылдар бойы күткен көгілдір отынға жақын арада қол жеткізбек. Елдімекен ішінде жүргізілген газ құбырының ұзындығы 230 шақырымға жуық. Көгілдір отын халықтың тұрмыс-тіршілігін біршама жеңілдетеді. Бүгінде газ құбыры бойымен пневматикалық сынау, тазарту, үрлеу және қысымды тексеру жұмыстары жүргізілуде.

ИНТЕРШУМ:

- Готовности у нас 90?

- Ну если так брать по работе 100 процентов. А по испитанием процентов 70 готово. Я думаю до конца месяца мы все должны закончить.

- Газ жеткілікті ме Ануар Аскарович ?

- Да.

- Қаншга үй қосылады, сонша газ береміз.

РКС: Сондай-ақ, елдімекенде "Қоянды-Южная" қосалқы станциясы қолданысқа берілмек. Қосалқы станция ауыл тұрғындарын жарықпен тұрақты жабдықтап, қыс мезгілінде электр энергиясының үзіліссіз берілуін қамтамасыз етпек.

ИНТЕРШУМ:

- Как измениться ситуация ?

- Меньше отключение будет. Потому что на сегодня как несколько лении условно собрано на одно. И где-то там короткое замыкание отключили свет. Щас мы их разубним.Даже если такое произойдет то будет меньше количество людей.

-Минимизируем негативные последствия ?

- Да.

РКС: Жүзеге асырылып жатқан жобалар жергілікті халықтың өмір сапасын жақсартып, өңір инфрақұрылымының дамуына оң септігін тигізуде.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ