ДИКТОР: Облыстық татар және башқұрт бірлестігінің ұйымдастыруымен «Чәк-чәк Бәйрәме» күзгі егін мейрамы өтті. Шараға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен құрылымдарының мүшелері қатысты.
РКС: Елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп дамуда. Татар, башқұрт елімізді мекен етіп жатқан көп ұлттың бірі, облыста 17 мыңға жуық осы ұлттың өкілі тұрады. Әр халықтың дәстүрі мен әдет-ғұрыпы, мәдени құндықтарын сыйлау маңызды.
СНХ: АЙГҮЛ НҰРМАҒАНОВА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Мен бүгін осы шарада қазылар алқасының мүшесімін. Негізгі критерий - бұл сұлулық пен тағамның дәмділігінде. Тағамдардың талапқа қаншалықты сәйкес келетінін қараймыз. Осы іс-шара аясында сахнада Қостанай, Петропавл, Астана қалаларынан келген шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Біз оны да бағалайтын боламыз.
РКС: Алыс жақыннан жиналған қонақтар үшін көңілді мәдени қойылымдар мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Аспазшы татар қызы» атты байқауда облыс бойынша 20-дан аса қатысушы бақ сынады. «Достық» ансамблінің мүшесі Раилә Даутованың айтуынша, олар шараға 7 жыл бойы қатысуда. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік дейді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: РАИЛӘ ДАУТОВА, «ДОСТЫҚ» АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ: Біз Астанадан осы мерекеге арнайы келіп отырмыз. "Чак чак байрам" мерекесі жыл сайын көңілді етіп ұйымдастырылады. Сондай-ақ құттықтап келдік, жақсы әндерімізді, билерімізді көрсетеміз, ұлттық тағамдарымызды пісіріп, дастархан жаямыз.
РКС: Айта кету керек, аталмыш шара жыл сайын ұйымдастырылады. Мереке соңында байқау жеңімпазы мен белсенділік танытқан этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тарту етілді.
САБИНА ЖАМШИТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ