ДИКТОР: 15 қараша елімізде ұлттық валюта және қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні. Бұл мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен дамуы жолында еңбек ететін жандардың кәсіби мерекесі. Өңірде қаржы саласында қажырлы еңбек етіп жүрген жандардың бірі Наталья Рыбалко жайында келесі материалда.
РКС: Наталья Рыбалко қаржы жүйесіндегі еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Ақмола облыстық қаржы басқармасының маманы ретінде 24 жылдан аса еңбек өтілі бар. 2014 жылы жергілікті бюджеттің атқарылуын есепке алу және есептілік бөлімін басқарып, облыстағы маңызды қаржылық процестерді үйлестіруді өз мойнына алды. Ол қаржылық есептерді жүйелі талдап, бақылайды, олардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
СНХ: НАТАЛЬЯ РЫБАЛКО, ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Мамандық таңдау аса көп қиындық тудырған жоқ. 11-сыныпты бітірген соң, қайда оқуға барамын деп ойланып, ол кезде анам сырттай оқитын. Мен Ақмола қаржы-экономикалық техникумын бітірдім, ол сол жерде салық ісі мамандығы бойынша сырттай оқыды. Мен де көп ойланбастан осы саланы таңдадым. Бұл оқу орны жалпы мамандық ұнады. Сондықтан мен сонда оқыдым.
РКС: Наталья өзін ортасында, қызметінде сауатты әрі жауапты қызметкер ретінде көрсете білді, дейді әріптестері.
СНХ: ТЕМІРХАН ДАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Әріптесіміз Қаржы бөлімінде 2000 жылдан бері жұмыс істейді, мен оны өте жауапты маман ретінде білемін, облыс бойынша қаржылық есеппен айналысатынжақсы мамандардың бірі.
РКС: Қаржы жүйесінің қызметкерлері күн сайын ел экономикасының табысы ғана емес, сонымен бірге әрқайсымыздың өміріміздің жайлылығына қатысты мәселелерді шешеді. Өңірде қаржы саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген жандар өте көп.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС САДВАКАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.