ДИКТОР: Қазақстанда соңғы уақытта интернет-алаяқтық жиі кездесетін қылмыс түрлеріне айналған. Облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі азаматтарды қорғау және киберқылмыс деңгейін төмендету мақсатында арнайы брифинг өткізді.
РКС: Қылмыстық әрекеттің бұл түрі соңғы жылдары өте қарқынды дамып келеді. Интернет-алаяқтықтан зардап шеккен ақмолалықтардың 65 млн теңге ақшасы қайтарылды. Сонымен қатар құқық қорғау органдары алаяқтардың интернет кеңістігінде тез бейімделіп және қылмыс схемалары жетілдіріліп жатқанын айтты.
СНХ: ЕРМЕК МАНАТОВ – ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Жыл басынан бері 80-ге жуық талап-арыз қаралып, жәбірленушілердің шамамен 65 млн теңге ақшасы қайтарылды. Бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы шығын шамамен 590 млн теңгені құрайды. Жәбірленушілер қаражатты банктік шоттарға аударады және тергеу соты мен прокуратура санкцияларының көмегімен біз екінші деңгейдегі банктерден ақпарат аламыз және осы шоттардың иелерін анықтаймыз. Әрі қарай, азаматтық сот ісін жүргізу аясында біз істі жүргіземіз.
РКС: Жыл басынан бері өңірде алаяқтықтың 865 дерегі тіркелді. Бұл өткен жылғы 994 жағдаймен салыстырғанда 13 пайызға аз. Бұрын жасы үлкен адамдар құрбан болса, қазір жастар да алаяқтардың айла-амалына түсіп қалады. Киберқылмыскерлердің жастарға арналған басқа да схемалары бар екені мәлімделді. Қазіргі таңда азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді.
СНХ: ЕРМЕК МАНАТОВ – ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПРАТАМЕНТІ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Біздің IT мамандар да алаяқтармен күресу үшін арнайы бағдарламалар жасайды. Сондай-ақ, штат саны көбейіп келеді, бұл қазірдің өзінде үлкен жетістік. Бұрын 4 адам болса, қазір ол бірнеше есе артып отыр. Яғни, бізде қазірдің өзінде алаяқтарды анықтауға көмектесетін арнайы аппараттық кешендер енгізіліп отыр.
РКС: Қазіргі цифрлық дәуірде технологиялардың қарқынды дамуы Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктермен қатар, киберқылмыс түріндегі жаңа қауіп-қатерлерді де туындатып отыр. Қорғауды күшейту үшін аймақта күдікті банктік операцияларды бұғаттайтын «Антикрот» бағдарламасы сияқты техникалық шаралар енгізілді. Бұл жүйе алаяқтарды банктер мен басқа ұйымдардың қызметкерлері ұсынған кезде қоңырауларды анықтайды және бұғаттайды. Десек те, күнделікті өмір мен маңызды процестердің бәрі де компьютер мен ақпараттық технологияларға байланған заманда киберқауіпсіздікті арттыру күн тәртібінен түспейтін міндет.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ