ДИКТОР: Степногорск қаласында жыл соңына дейін жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілмек. Заманауи ғимарат кәсіби және әуесқой спортшыларға арналған. Жаңа кешен екі негізгі бөлікті қамтиды. Бірінші қабатта футбол манежі, спорт залы және ауыр атлетика залы болмақ. Екіншісінде бокс пен күреске арналған мамандандырылған спорт залдары орналасады. Сондай-ақ киім ауыстыратын бөлмелер, жаттықтырушылар кабинеттері және медициналық көмек көрсететін орын бар. Бүгінгі таңда нысанның ішкі безендірілуі жүргізілуде. Сонымен қатар, аулада волейбол, баскетбол және футболға арналған алаңдар орнатылған.
СНХ: ӘСЕЛ БАБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жоба 2024 жылдың басынан басталған, бір жылдық жоба. Құны, 2 млрд. 200 мың тенгені құрайды. Тапсырылу уақыты жоспар бойынша осы 2024-тің аяғы. Яғни желтоқсан айында тапсырылады. Бір жарым сағаттан 22 адамнан 2 ауысымда 6 жастан жоғары балалар және жастар, ересектер дайындала алады.