ДИКТОР: Көкшетаудағы Назарбаев инттелектуалды мектебінің оқушылары "Demeu" жобасы шеңберінде есту қабілеті нашар адамдарға арнайы құрылғы ойлап тапты. Елімізде құлағы нашар еститін немесе есту қабілетінен айырылған жандарға үй шаруасында қолданылатын көмекші құрал жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ондай жүйе ауадай қажет. Қазақстанда баламасы жоқ көмекші құралдың пайдасы туралы Мақпал Айбабина тарқатады.
РКС: Құлағы нашар еститін немесе есту қабілетінен айырылған жандарға арналған жүйе бірнеше құрылғыдан тұрады. Үйге адам келіп есік қақса, бала жыласа немесе төтенше жағдай болса тағы да басқа жағдайларда бұл құрылғы вибрация беріп, бірден хабарлама келеді. Айналада болып жатқан оқиғаны экрандағы жазудан оқып, не суреттен көруге болады.
СНХ: АЙША АМАНБАЙ, ОҚУШЫ: Ең бастысы ол демеу кор, мұның ішінде микропроцессор орналасқан. Оған біз искуственный интеллектіні үйретіп, ішіне загружайт еткенбіз, мысалы біз әрбір дыбыс шыққаннан кейін ішіндегі искусственный интеллект бүкілін таниды. Оны 4 құрылғыға жібереді. Телеграмм бот бар соған жібереді.
РКС: Құрылғы дайын болғаннан кейін оқушылар алдымен мүмкіндігі шектеулі адамдарды шақырып ол жандарға тәжірбие ретінде көрсеткен. Олар тағы бірнеше толықтыру енгізу қажеттігін ұсынған. Оқушылар тағы бірнеше құрылғыны ойластырып, жасаған. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үлкен көмек болар еді, өйткені мұндай көмекші құрал әзір Қазақстанда жоқ. Оқушылардың еңбектері ғылыми жобалар республикалық байқауында бірінші орын алған.
СНХ: АРУЖАН ҚҰСТҮТІН, ОҚУШЫ: Құлағы естімейтін адам үйде жұмыс жасап жүргенде үнем телефонға не құрылғыға қарап жүре алмайды. Вибрация керек сезу арқылы біле алады. Прототипіне қарайтын болсақ екі жағында белдік тағатын жері бар. Соны беліне тағып жүреді немесе сағат ретінде қолға тағады. Дисплейда қашан хабарлама келді, қандай хабарлама және не істеу керек деген текст келеді.
РКС: Айша мен Аружан қазір 12 сыныпта оқып жатыр. Болашақта бірі экономист, екіншісі технология саласында білім алуды жоспарлап отыр. Қазір шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін құжат тапсыруда. Кейін бұл жобаны бірігіп, тек Қазақстанда емес, шетелдік нарыққа шығаруды мақсат етуде. Шетелде мұндай құрылғылардың аналогы бар, бірақ өте қымбат және тек тапсырыс арқылы жасайды екен. Ал елімізде құлағы нашар еститін немесе есту қабілетінен айырылған 100 мыңға жуық адам бар.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ