Степногорск қаласының әкімі болып Гайдар Қасенов тағайындалды. Степногорск қаласының жаңа басшысын қала активіне Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов таныстырды. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Гайдар Қасеновтың алдына қаланы дамыту және халық үшін қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар міндеттер қойылды. Кездесуде қала әкімі үшін жылыту маусымында бірінші кезектегі міндет әлеуметтік нысандар мен халыққа үздіксіз және тұрақты жылу беру болып табылатыны атап өтілді. Сондай-ақ, жұмыстардың аяқталуын және сумен жабдықтау объектілерін уақтылы іске қосуды ерекше бақылауда ұстау қажет. Сонымен қатар, Степногорск әкімдігіне инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлік саласын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша нақты жұмыс жүргізу тапсырылды.