ДИКТОР: Есіл қаласындағы Сәруәр Болданов атындағы джиу-джицу акедемиясы ашылғаннан бері Жарқайың және Есіл аудандарының 200-ден астам ұл-қыздары спорттық шеберліктерін шыңдап, сан алуан жарыстарда жеңістен жеңіске жетуде.
РКС: Біз болған күні шығыс жекпе-жек өнері залында жасөспірімдер жаттығып жатты. Олардың арасында жақында ғана Греция мемлекетінде өткен Әлем чемпионатына қатысқан талапкерлер де бар. Балғындарға дәріс беріп жүрген білікті бапкер әлі де үлкен спорттан қол үзбеген Бекзат Баймұратов өз ойын ортаға салды.
СНХ: БЕКЗАТ БАЙМҰРАТОВ, БАПКЕР: 2021 жылдан бері джиу-джицу және греплинхпен айналысып жатырмыз. Нәтижеміз жаман емес.
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Бекзат Баймұратов үлкен спорттан әлі де қол үзген жоқ.
СНХ: БЕКЗАТ БАЙМҰРАТОВ, БАПКЕР:
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЗЛАТА ЦЫГАНЕЦ, СПОРТШЫ: Мені жаттығуға анам алып келді. 3 рет Қазақстан Республикасының чемпионатына қатыстым. Бүгінде тағы бір жарысқа қатысып жатырмыз.
СНХ: ЕРӘЛІ АМАНТАЕВ, СПОРТШЫ: Мен Бекзат ағайға 2022 жылдан бері қатысып жүрмін. Алматы, Астана, Көкшетау қалаларындағы жарыстарға қатыстым.
РКС: Бекзат Баймұратов санаулы жылдарда бірнеше шебер спортшыны дайындап шықты. Өзі де спорттық бабын әлсіретпей, әлемдік бәсекелерде Қазақстан намысын лайықты қорғап жүр.