ДИКТОР: Биыл Қазақстанда халықтың мүддесін қорғайтын жергілікті өкілді органдардың құрылғанына 30 жыл. Осы орайда Степногорск қаласында салтанатты шара өтті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шара қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлының құттықтау сөзімен басталды. Ол мәслихаттың басты мақсаты – халық игілігіне қызмет ету екенін атап өтті. Мәслихат - 30 жыл бойы мемлекеттегі халық пен билік арасындағы байланысты қамтамасыз етіп келе жатқан маңызды құрал, -деді ол.
СНХ: ЖАНАСЫЛ САБЫРҰЛЫ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мәслихат атқарушы билікпен халық арасындағы алтын көпір. Ол әділеттілік пен ашықтық қағидаттарынан тұрады. Мұны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында атап өтті. Оның басты мақсаты - халықты қолдау және оның мүдделерін қорғау. Мәслихат жұмысы арқылы Қазақстанға тұрақтылық пен өркендеу жолымен жүруге көмектесетін көптеген стратегиялық міндеттерге қол жеткізілді.
РКС:Салтанатты шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, ел мүддесі жолында атқарған еңбегі үшін қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, қаланың дамуына ат салысқан, белсенді мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың еңбегі ерекше аталды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЛЕКСАНДР НАКОШНЫЙ, VIII ШАҚЫРЫЛЫМ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Шараға алдыңғы шақырылымдардың барлық депутаттары, сондай-ақ Степногорск қаласының VIII шақырылымының депутаттары, аудандық депутаттар, облыстық депутаттар қатысты. Бүгін еңбегі еленген, елінің, партияның игілігі үшін, халқы үшін аянбай қызмет еткен қарапайым адамдардың еңбегін атап, марапаттадық.
РКС: Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
ИНТЕРШУМ:
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ