ДИКТОР: Қар жауып, көктайғақ басталғаннан бері облыстық көпбейінді аурухананың травматология пунктіне күніне түрлі жарақатпен шамамен 70-ке жуық адам жүгінеді. Олар қала көшелерінде тайғанап құлап, көбіне басын немесе аяғын зақымдап алғандар.
РКС: Көктайғақта жығылып, жарақат алмау үшін алдымен аяқ киімді таңдаудың маңызы зор және күн райын да назарда ұстау маңызды, - дейді дәрігер мамандар. Өйткені әр адам денсаулығына алдымен өзі жауапты.
СНХ:ЕЛДОС ҚАЙЫРЖАНОВ, ТРАВМАТОЛОГ: Көбінесе құлаған адамдар олар көшеге шыққан, мектепке, жұмысқа шыққан. қар аяқ астынан көктайғақ болғанның арқасында құлап жатыр. Егер сіз жұмыс істемесеңіз, зейнетте отырып, үйде отырсаңыздар далаға шықпаңыздар. Жұмыс баратындарыңыз абай болыңыздар. Аяқ киімдеріңізге қараңыздар. Қадам жасаудың алдында не жатқанын қараңыздар. Мұз ба қар ма не болатынын.
РКС: Ал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары қала көшелеріне құм төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Десек те барлық жерге құм төсеу мүмкін емес. Әлі де жолдың қауіпті бөліктері бар.
БЛИЦ: Қазір қыс айлары келді. Көшенің бәрі көктайға, мұз. Мынау Ауельбекова, Ақан серіде көп жүремін мен. Жолдарда ешқандай құм, тұз себілмеген. Соған әкімшілік негізінде қолғабыс етіп, себсе жақсы болар еді. Үлкен кісілер көп қой қазір. Травматология толып жатыр мысалға кісілерге қаншама.
- Осы мынау орталық көшелердің бір, екеуі көшелерде бар. Қалғандарында жоқ. Көп жерде жоқ құм. Тайғанақ.
СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі таңда қыс маусымының басталуына байланысты 2 ұйыммен күнделікті 35 техника 70 жуық адам ауысыммен жұмыс атқаруда. Қар тазалау, құм төсеу жұмыстары жүргізілуде. Яғни жаяу жүргінші жолдарын тазалау жұмыстары кұм төсеу жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Қазіргі уақытта 2500 мың кубқа жуық қар шығарылып жұмыстар жүргізілді. Бұл 2 апта ішінде атқарылған жұмыс. Сонымен қатар 35 куб құм себілген.
РКС: Тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету үшін жол мен қала көшелерінде құм, тұз себу, қар тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіледі, - дейді мамандар.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ