ДИКТОР: «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында биыл Зеренді ауылындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының 34 кабинеті жаңа үлгіде жабдықталды. Сондай-ақ, оқу ордасында білім беру сапасы да жоғарылап келеді. Бұл ретте бірінші басшысының еңбегін атап өткен жөн. Эльмира Халелова 20 жыл осы мектептің директоры қызметінде. Тұрақтылық алға жылжуға мүмкіндік жасап отыр.

РКС: Зерендідегі Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының директоры - Эльмира Халелова 31 жылдық еңбек өтілі бар білікті маман. Ол 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы дүниеге келген. Семейдің педагогикалық университетін бітіргеннен кейін Зерендіге келіп, еңбек жолын бастаған. Эльмира Майданқызы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады.

СНХ: СӘУЛЕ ДҮЙСЕНОВА, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Басшы ретінде ол кісі ақырын жүріп, анық басатын адам. Жалпы айтады ғой басшының қандай екенін білгің келсе, сол кісі басшылық ететін мектеп табалдырығынан бастап қара дейді. Бұл мекемеде тәртіп бар, бұл мекемеде талап бар, істелініп жатқан жұмыстар бар. Соның барлығына өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен, өзінің білімділігіменен үлкен жауапкершілікпенен басқарып келе жатыр осы уақытқа дейін. Енді әріптес ретінде айтатын болсам, тіл маманы ретінде ол кісі білікті педагог.

СНХ: ҚАЙРАТ АУҒАЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Өте жауапты адам. Өйткені мен оны қай жағынан білетінімді, мен маслихат хатшысы болған да ол кісі алтыншы шақырылымы, жетінші шақырылымның депутаты болды. Бұл жерде де ол кісі жақсы белсенділігін көрсетіп, тұрақты комиссияның мүшесі болды. Депутаттық сағатта, тұрақты комиссияда, содан кейін сессияларда осы жақсы өз пікірін білдіріп, шаруашылармен кездесіп, жақсы қызмет жасап жүрген кісілердің бірі.

РКС: Мектеп-гимназиясында интернет бар. Онда биыл 15 ауылдан қатынап оқитын 51 бала тұрып жатыр. Білім ошағында жұмыс істейтін 39 мұғалімнің 15-і педагог-зерттеуші, 9-ы педагог-сарапшы. Бұл мектеп оқушыларының түрлі сайыстар мен ғылыми жобаларда жүлделі орындар иеленуіне әсер етуде. Сәйкесінше, білім сапасы артып келеді.

СНХ: ЭЛЬМИРА ХАЛЕЛОВА М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Әр жұмыстың өз қиындығы бар.Арасында осы оқу ісі меңгерушісінен кейін,оқу ісі меңгерушісі болып жүрген кездерде 2003 жылы, аудандық білім бөліміне методист ретінде , әдіскер ретінде шақырды. Себебі, әдістемелік жұмысты көтеру үшін, сол 3 айға келісіммен бардым. Бірақ менің негізгі орным мектеп екенін түсіндім. Себебі, ол жердегі қағазбастылық, үлкендермен жұмыс істегеннен гөрі, мектеп қыж-қыж қайнаған,балалардың ортасында жұмыс істеген маған ерекше қызық болды.

РКС: Мектеп басшысының басқаруымен іске асып жатқан жобалар жетерлік. Мектеп әр қатысқан сайыстан жүлдесіз оралған емес. 2021 жылы мектеп республикалық орта білім беретін мектептер арасындағы «Үздік ұйым» байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болып, 20 миллион теңгені қанжылаған. Ол қаржығы 3 оқу кабинеті жаңартылды, аула абаттандырылды.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ