ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы көпбейінді «Оқжетпес» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жабық футбол алаңында ардагер арасындағы дәстүрлі турнир өтті.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Аталмыш турнир Ақмола облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтуде.

РКС: Жыл сайын оның биографиясы кеңейіп келеді, осы жолы көрші Қостанай облысының ардагер футболшылары да ат басын тіреді.

СНХ: МҰРАТ САУЫТБАЕВ, (ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ): Көкшетауға бірінші рет футбол ойнауға келдік. Бізді қонақ ретінде құшақ жая қарсы алды. Жабық футбол алаңы талапқа сай екен. Ежелгі қарсыластарымыз Атбасар қаласының футболшыларын көптен бері танимыз. Жалпы ардагерлердің осындай футбол ойнауын жастар үлгі етіп алуы керек.

РКС: 60-тан астам ардагер футболшылар жасыл алаңда барын салып бақты. Бірнеше доп соққан футболшылар да аз емес.

СНХ: ЕВГЕНИЙ РОГАЧЕВ, ФУТБОЛ АРДАГЕРІ: 60-тан асқан футболшылардың ойын өрнегі керемет. Бұрыңғыдай шап шаңдығы болмаса да, жеңіске деген жігерлері қуантады. Олар жасыл алаңда жастық шақтарын еске алып, қуанышқа кеңелуде.

СНХ: ДАРХАН ҚАСЫМОВ, КӨПСАЛАЛЫ «ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз ардагерлерді қашан да құрмет тұтамыз. Соның айғағы спорт залдары мен алаңдары оларға тегін беріледі. Есігіміз әрқашан айқара ашық. Ардагер спортшылардан үйренуіміз керек.

РКС: Тартысты өткен турнир барысында Астана қаласы бірінші орын алды. Екінші орынды Бұланды ауданының спортшылары еншіледі. Көрші Қостанайлықтар қанжығаға 3 орынды салды. Үздік футболшыларда марапатқа ие болды.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ