ДИКТОР: Жыл басынан бері 2023 жылмен салыстырғанда көкжөтелмен сырқаттанушылықтың 9 есе өсуі байқалады. Қызылша ауруы 874 адамда расталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 16 есе жоғары. Өңірде халықтың нысаналы топтарын вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Алайда, профилактикалық егулермен қол жеткізілген жалпы қамтуға қарамастан, бұл параметр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынылған көрсеткішінен төмен.
РКС: Көкжөтелмен сырқаттанушылықтың 56 расталған жағдай тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 53 жағдай, яғни жалпы көрсеткіштің 95 пайызы тіркелді.
СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Расталған жағдайларды жасына қарай саралау кезінде келесі жағдайы байқалады. Бірінші орында 1 жасқа дейінгі балалар – 25 жағдай, екінші орында 1 жастан 4 жасқа дейін – 24 жағдай, үшінші орында 5-14 жастан аралығында – 6 жағдай, төртінші орында 15 жастан асқан балалар – 1 жағдай. 14 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылықтың 53 жағдайының ішінен 48-і вакцинацияланбаған балалар.
РКС: Көкжөтел вакцинамен басқарылатын инфекция, оның алдын-алудың нақты және тиімді шарасы екпе салу. Балаларға жоспарлы профилактикалық егулер Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Барлық міндетті вакциналар бюджет есебінен тегін жасалады.
СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Перзентханада алғаш рет туберкулезге және В гепатитіне қарсы вакцинация салынады. Санитариялық қызметі медицина қызметкерлерімен туберкулезге және гепатитке қарсы вакцинация бойынша мақсатты жұмыс жүргізді. Біз перзентханаға барып, бас тартушылармен перзентханадан шығар алдында әңгімелесеміз.
РКС: Бүгінде профилактикалық егуден 1368 бас тартқандар тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 30 пайызға кем. Бас тартудың басты себептері жеке және діни сенімдер. Профилактикалық егудің маңыздылығы мен қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады, - деп атап өтті сала мамандары.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, КОКШЕ АКПАРАТ.