ДИКТОР: Көкшетау қаласында оқушылар мен студенттер арасында жыл сайын өтетін «AQMOLA POWER» аймақтық байқауы ұйымдастырылды. IT саласы, робототехника және экология бағытында байқауға 70-ке жуық жоба ұсынылды.

РКС: Аймақтық сайыстың ұйымдастырылу мақсаты жастарды білім алуға, ғылыммен айналысуға ынталандыру мен әлеуметтік бастамаларын дамыту. Алдымен, экологиялық бағыттағы жасалған жобалар таныстырылды. Солардың қатарында Арнұр Ильясов өз командасымен «Forest fire alarm system» атты жобасын дайындаған. Ол бұл байқауға алғаш қатысып отыр. Аталмыш жоба өрттің тез тарап кетпеуіне көмектеседі.

СНХ: АРНҰР ИЛЬЯСОВ, ҚАТЫСУШЫ: Біздің жобамызда 3 сенсор бар. 1-ші ол өрт, газ және температураны анықтайтын сенсорлар. Сенсорлар өртті анықтап, номерге смс жіберіледі. Ал одан басқа бізде gps анықтайтын модуль бар, смс-ке геолокация жазып номерге жіберіледі. Жобамызды панельдер күн панельдер арқылы жұмыс істейді. Күн панельдер біздің ең басты қуат көзі. Күн панельдері себебінен біздің жобамыз күнде де түнде де жмыс істей алады. Жобамыздың басты функциясы ол прогноз жасау. Геолокация арқылы формула енгізіп формула өрттің жылдамдығы есептеледі. Есептеліп ерекше программамный кодқа жазып, прогноз картаға жасайды.

РКС: Болашақ сарайының «Мастерская эко проектов» атты үйірмесінің қатысушысы Ерасыл Қайрат инновациялық идеяға толы экологияны жақсартуға бағытталған жобасын ұсынды.

СНХ:ЕРАСЫЛ ҚАЙРАТ, ҚАТЫСУШЫ: Мен «Green Bottle» атты жобамды жасап, ұсынып отырмын. Менің жобамның мақсаты қала бойынша шашылып жатқан көптеген пластикалық бөтелкелерден тазарту. Ол қалай жұмыс істейді? Ең алдымен, карта бойынша «Green Bottle» қоқыс жәшігінің қайда орналасқанын анықтайды. Содан соң пластикалық бөтелкені тапсырғаны үшін сыйлық алады. Бұл схема өскелең ұрпаққа экологияға басты назар аударту үшін және тазалықты сақтау үшін жасалады. Себебі экология қазіргі таңда көтеріліп жатқан үлкен мәселелердің бірі.

СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Одан кейін бізде лэд экранда біз айти бағытында сөйлейтін болады. Оны жасап жатқан адам ол өзінің жобасын, яғни қандай преспектива алдыңғы уақытта неге, қалай жасалу керек, немесе ол жасалып жатқанын айтатын болады. Роботехника және жаңағы айтқандай сол робот А точкасынан Б точкасына барып, бір затты бұзу керек и жинау керек, іс-қималдар жасайтын болады. Бұл «AQMOLA POWER» инновациялық жобасына 70-ке жуық өтінім берілген болатын. 90-ға жуық адам қатысып жатыр. Яғни бір жобаны 1-2 адамда немесе 1 адамда немесе 3 адам қорғай алады.

РКС: Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табысталады. Ал үздіктер арнайы іріктеуден кейін анықталады. Олар алдағы уақытта республикалық байқауларға қатысуға мүмкіндік алады.

САБИНА ЖАМШИТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ