ДИКТОР: 2015 жылдан бері Көкшетау қаласында Жанайдар Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ару қыздардан тұратын рухани-патриоттық клуб жұмыс істейді. «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген халық даналығы негізге алына отырып ашылған. Аталаған клуб қыз баланың өзіне тән нәзіктігін сақтай отырып, ұлттық болмысты, рухани және отаншылдық қалыпты дәріптеу мақсатында құрылған.

STAND-UP: ЖАМШИТОВА САБИНА, ТІЛШІ: Қазақ қыздарын қарапайымдылыққа ғана емес, батырлыққа да баулыған. Сондай бір топ батыр қыздарымыз Ж. Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжде білім алып, «Томирис» деген топта рухани-патриоттық тәлім-тәрбие алып жатыр.

РКС: Аталмыш клубта 30-ға жуық бойжеткен ер балалармен қатар, өздерінің бойындағы патриотизм, ұлтшылдық, шыдамдылық пен ар-намыс сезімдерін одан әрі дамыту үшін қатысады. «Томирис» рухани патриоттық клубы қыздарды ұлттық құндылықтар мен қоса рухани даму, патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған. Клубтың Томирис деп аталуы да жай емес. Қазақтың,сақ дәуірінен бастау алған тарихында скифтердің бостандығы мен тәуелсіздігін құруға ат салысқан, ерлермен қатар иық тірескен соғыстарда дес бермеген ержүрек қыз.

СНХ: ҚУАНЫШ АХМЕТҰЛЫ, «ТОМИРИС» РУХАНИ-ПАТРИОТТЫҚ ҚЫЗДАР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Томирис рухани патриоттық клубында саптық дайындықты ғана емес, автоматты шашып, жинауды да үйретеміз. Елімізде қыздардың патриотке деген көзқарасы мен оны тәрбиелеу әдістері де жаңаша даму жолына түседі. Осы мақсатта біздің колледжіміз 2015 жылы Томирис рухани-патриоттық клубы құрылды. Соған қоса осы қыздардың арасында атыс дайындығына пневматикалық винтовкамен атыс дайындығы жүргізіледі.

РКС: Сонымен қатар, патриоттық топтағы қыздар тек әскери жаттығулар ғана емес, рухани даму бағытында да түрлі үйірмелер мен топтарға барады. Қыздар бұдан басқа оқу жағынан да үздік жетістікті көрсетіп келеді. Дәл осындай жан-жақты өзін жетілдіріп келе жатқан қыздарымыздың бірі - Сабина Хасенова. Ол «Мерей» би ансамблі мен қатар «Айшуақ» үйірмелеріне белсенді қатысады.

СНХ: САБИНА ХАСЕНОВА,ТОМИРИС КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ, ВЗВОД КОМАНДИРІ: Томирис рухани-патриоттық қыздар клубының мақсаты ол қазіргі 21 ғасырдың қазақ қызы білімімен тәрбиесімен ұштасқан, парасаттылықпен ізгілікті бойына сіңіре білетіндей, қазіргі мәселелерге жауап бере алатындай тәрбиелеу ең маңызды мақсат болып саналады. Осы Томирис рухани-патриоттық клубына мен 2 курстан бастап қатысып жатырмын. 3 курста Звод командиры болып тағайындалдым. Жалпы Томирис рухани-патриоттық клубы маған хобби сияқты ұнайды, яғни бұл жерде біз әскери саптық жиынға мысалы дайындаламыз. Содан кейін әскери медициналық дайындықтарға, және де саптық ән байқауларына қатысып жүреміз.

РКС: Оқу-жаттығу кезінде «Томирис» саптық клубы әскери-медициналық білімімен қатар әскери жаттығуларды, саптық жүрісті шебер меңгеріп қана қоймай, әскери саладағы жаңалықтармен танысып, білімін жетілдіріп отырады. Ару қыздардан құралған клуб жыл сайын өтетін өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында сап және әндер облыстық байқауларына қатысып, патриоттық әндерді орындап 1 және 2 орынды иеленді.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ