ДИКТОР: Есіл ауданында еркін күрес ежелден бұқаралық сипатқа ие. Соның айқын айғағындай өңірдің балауса балуандары сан алуан жарыстарда жүлдегер және жеңімпаз атануда.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Біз болған күні жасөспірім балуандар таңғы жаттығу жасап жатты.

РКС: Есіл қаласында жаңадан пайдалануға берілген заманауи спорт кешенінде еркін күреспен айналысатын жасөспірім балуандар үшін қолайлы жағдай туғызылды. 60-тан астам ұл қыздар күрестің осынау түрімен тұрақты айналысады. Оларға білікті бапкерлер Ғұмыр Бақытжанмен Арыстан Болатов дәріс береді. Шәкірттер боз кілемде аянбай тер төгіп, әртүрлі жарыстарға қатысып, жеңістен жеңіске қол жеткізуде.

СНХ: АЯН ӘЛЖАНОВ, БАЛУАН: Мені еркін күреске 6 жасымда үлкен ағам алып келді. Ол сол кезде мықты күресіп, айла тәсілдерді жақсы меңгеріп жүрді. Ағама ұқсап, менде жалықпай жаттықтым. Алғаш рет 34 келі салмақта сынға түсіп облыс чемпионы атандым.Менің қазіргі салмағымда мықты қарсыластар жеткілікті. Сондықтан тынымсыз жаттығу керек.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жасөспірім балуандарға Есіл ауданының Құрметті азаматы, күрес федерациясының президенті Талғат Әлжановтың әрқашан қолдау көрсететіндігін атап өткен жөн. Соның арқасында ұл қыздардың күреске деген қызығушылығы арта түсті.

СНХ: ЖАНБОЛАТ ӨМІРӘЛІ, БАЛУАН: Мен 44-46 келі салмақ дәрежесінде күресемін. Көкшетау-Щучинскі, Есіл қалаларында өткен жарыстарға қатысып жеңіске жеттім. Бапкерлерім Арыстан мен Бақытжан ағайға алғысым шексіз. Біз қазір облыстық жарысқа дайындалып жатырмыз.

РКС: Ат тұяғын тай басар демекші, өмірден ерте озған елімізге танымал әкелі балалы балуандар Төлеген және Мәди Ысқақовтардың жолын лайықты жалғастырып жүрген өрендер желкілдеп өсіп келеді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ