ДИКТОР: Облыс аумағында үстіміздегі жылы мектепке дейінгі мекемелерде 1600-ден аса жаңа орын құру қажет болған. Оның 1300-ге жуығы пайдалануға берілді. Соның бірі Көкшетау қаласындағы "Аяла" балабақшасы мен "Нұрсая" бөбекжайы. Жыл соңына дейін тағы 382 жаңа орын ашылады деп күтілуде. Бұл туралы арнайы өткен брифингте айтылды.

РКС: Целиноград ауданы, Қараөткел ауылында, Қосшы және Көкшетау қалаларында әрқайсысы 280 орындық 3 балабақшаның құрылысы жүруде. Бұл мектепке дейінгі тәрбие орталықтары 2025 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды қолдау мақсатында балабақшаларда 10 мыңға жуық бүлдіршін облыстық бюджет есебінен тегін тамақтанады.

СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ағымдағы жылы 8400 орындық 7 мектеп іске қосылды. оның ішінде 7200 орындық 6 мектеп "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынды 5240 орындық тағы 6 мектеп пайдалануға беру жоспарда бар. 540 орындық тағы 4 мектептің құрылысы жалғасатын болады. Көкшетауда ұлдар мен қыздарға арналған 600 орындық "Білім-инновация" мектеп-интернатының құрылысы жүруде.

РКС: Биыл білім беру ұйымдарына 638 жас маман келген. Олардың 415-і ауылдағы білім ошақтарына жұмысқа орналасқан. Педагог кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу үшін облыстық бюджет есебінен мемлекеттік гранттар бөлінуде. Қазіргі таңда аталған бағдарламамен 500-ге жуық студент оқуда.

СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Целиноград ауданының 30 мектебінде «Esen Foundation» қорының көмегімен BAQ - білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін дамыту бағдарламасының пилоттық жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 30 мектептен 500-ге жуық мұғалім жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша біліктіліктерін арттырады. Сондай-ақ инклюзияны қолдаудың 4 кабинетін ашу жоспарлануда.

РКС: Облыс аумағында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 11 мың 800-ден аса бала тіркелген. Өңірде 4 психологиялық, 20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 арнайы мектеп-интернат, 1 "Балабақша-интернат" арнайы кешені, 71 инклюзия кабинеті жұмыс істеуде. Жыл соңына дейін тағы 7 кабинет ашу жоспарланған.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ