ДИКТОР: Студенттер қан тапсырды. Облыстық қан орталығы қан мен оның компоненттерін медициналық мақсатта жинайтын, сақтайтын және тарататын ұйым. Олар өмірді сақтауда, әсіресе медициналық төтенше жағдайларда шешуші рөл атқарады. Сондықтан қан қорын тұрақты толтырып тұру қажет. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Қан банкін қажетті қанмен қамтамасыз ету мақсатында облыстық қан орталығы Көкшетау жоғары техникалық колледж студенттері арасында донор күні акциясын өткізді. Қан тапсырар алдында дәрігерлер донорларды тіркеп, тексеру жүргізеді.

СНХ: ЖІБЕК ТІЛЕУҒАБЫЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕР-ТЕРАПЕВТІ: Қан тапсырар алдында донор дайындалуы керек. Бір күн бұрын қуырылған, майлы, сүт өнімдерін жеуге болмайды. Жеңіл тәтті шай ішуге және құрғақ печенье жеуге рұқсат етіледі. Содан кейін донор тіркеуден өтеді. Тіркелгеннен кейін зертханада тексеруден өтіп, терапевтпен куәландырылады. Кейін донация залына жіберіледі. Қан қорын үнемі толықтырып отыру қажет, сондықтан біз Көкшетау қаласының ұйымдарында осындай акцияларды жиі ұйымдастырамыз.

РКС: Колледждің көптеген студенттері акцияға қатысып, қан тапсыруға ниет білдірді. Акция оқу орнының жатақханасында өтті, бұл донорлардың көп болуына ықпал етті. Айта кету керек, студенттер донорлық қанға мұқтаж адамдар көп екенін анық түсінеді.

СНХ: ЕРСҰЛТАН ОМАРОВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Осы акцияда студенттер келіп, өз қанын тапсырады. Бүгін мүмкін әр бір студент бір жанның өмірін сақтай алады. Егер бір адам бір адамның өмірін сақтаса, ол бүкіл әлемдегі өмірді сақтауға тең болады деген. Және мен де ойлаймын, бір адамның өмірін сақтауға мүмкіндігім бар екен.

СНХ: БАУЫРЖАН ЫБЫРАЕВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖӘНЕ МАНСАП БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінде жастарға мейірімділік, гуманизм, адамдарға көмектесуге деген ұмтылыс сияқты адами құндылықтарды тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді. Осы жұмыстың аясында біз қиын жағдайға тап болған азаматтарымызға, жерлестерімізге көмектесу үшін жыл сайын «Донор күні» акциясын өткіземіз. Біздің студенттеріміз осы акцияға үлкен жауапкершілікпен қатысатынына өте қуаныштымыз. Осы жыл сайынғы акция дәстүрлі болады деп сенеміз.

РКС: Студенттер мұндай акциялардың белсенді және жауапты қатысушылары. Олардың көпшілігі мұқтаж адамдарға көмектесу үшін донор болуға дайын. Акция барысын қан орталығының мамандары қадағалап, қажетті көмек пен кеңес берді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.