ДИКТОР: Биыл қыркүйек айында Көкшетауда 166 орынға шақталған алғашқы инклюзивті балабақша өз жұмысын бастады. Мұнда кешенді емдеу, түзету, оқыту мен әлеуметтік бейімделу үшін барлық жағдай жасалған. Өңірге жұмыс сапарымен келген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі облыс орталығының бірқатар әлеуметтік нысандарының қызметімен танысты.

РКС: «Аяла» арнайы балабақшасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту жүзеге асырылады. Балабақшада 10-12 оқушыдан тұратын 12 топ бар. Оқыту процесі мемлекеттік және орыс тілдерінде тегін жүргізіледі. Ерекше білім беруді қажет ететін топқа жеке тәрбиешіден бөлек, педагог-психолог, педагог-дефектолог, педагог-логопед штаты бекітілген. Сондай-ақ вице-министр Асқар Биахметов 2,5 мыңға жуық студент білім алатын жоғары техникалық колледж жұмысымен танысты.

СНХ: АСҚАР БИАХМЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Қазіргі басты міндет - техникалық және кәсіби білім беруді дамыту. Ол үшін халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ жұмыс берушілермен де ынтымақтастықты орнату керек. Менің ойымша, мұндай мысалдарды негізге ала отырып, оны әр облыста түрлі салада қолдануға болады.

РКС: Колледжде 21 мамандық, 38 біліктілік бойынша кадр даярланады. Колледж түлектерінің біразы оқуын бітіріп, білім ордасына оқытушы ретінде жұмысқа орналасқан. Айта кетейік, «Жас маман» жобасы аясында колледжге жаңа жабдықтар сатып алу үшін 500 млн. теңге бөлінді.

СНХ:ФАРИЗА ҚАДЫРБЕКОВА, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ТІГІН ӨНДІРІСІНІҢ ШЕБЕРІ: Қазіргі таңда осы тігін орталығында 250-ден астам студенттер бітіріп шықты. Тігін өндірісі бойынша барлық заманауи техникалық тігін машиналар толық меңгерді, дәл қазіргі уақытта қаланың үлкен тігін өндірістік орталықтарында "Ақай", "Светлана", "Диас" тігін орталықтарымен тікелеі жұмыс атқарамыз.

РКС: Кездесу соңында Асқар Биахметов барлық өтініштер мен ұсыныстар назарға алынып, басқа министрліктермен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленетін болады,-деп уәде берді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ