ДИКТОР: Мемлекет басшысы 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялады. Бұл дегеніміз кәсіптік білім беру сапасын, сондай-ақ жұмысшы мамандықтар мәртебесі мен беделін арттыруға жан-жақты назар аударылуы тиіс. Нарықта сұранысқа ие, қажетті мамандықтардың тізімі жасалады. Бұл білім беру жүйесінде кадрларды даярлауға бағыт болмақ. Бұл туралы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов баяндады.
РКС: Кәсіби техникалық білімі бар жұмысшылар сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және қойма шаруашылығы салаларында басым. Бұл шамамен 2,5 миллион адам. Ең көп сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарының қатарына дәнекерлеушілер, электр-механика мамандары, ауыл шаруашылығы жұмысшылары, су, жылу және энергиямен жабдықтау мамандықтары жатады.
СНХ: АСҚАР БИАХМЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Жоспар шеңберінде, оқушылар арасында кәсіптік бағдар жүргізу қайта қарау, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын трансформациалау, материалдық техникалық жағдайын жақсарту, білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
РКС: Вице-министр ақмолалықтарға "Әлеуметтік әмиян" жобасын да таныстырды. Министрлік бұл төлем құралын цифрлық отбасы картасымен біріктіреді. Бұл болашақта әлеуметтік көмекке аса мұқтаж отбасыларды анықтауға және оларға мемлекеттік қолдау шараларын жедел көрсетуге мүмкіндік бермек.
СНХ: АСҚАР БИАХМЕТОВ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: 2025 жылдан бастап тегін ыстық тамақ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектепке дейінгі білім беру бойынша ваучерлер беру бойынша мемлекеттік қолдау, оған шынымен мұқтаж азаматтарға бағытталатын болады. Бұған азаматтардың нақты табысы негізінде Әлеуметтік әмиян арқылы қол жеткізіледі.
РКС: Сондай-ақ, жиында мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің орындалуы, зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің негізгі көрсеткіштері, көпбалалы отбасылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтылды.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.