ДИКТОР: Қазіргі таңда Қосшы қаласында 4 мектеп жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында халық кәдесіне қызмет етуде. Рухы таза, ой-өрісі биік, табандылық үлгісін көрсетуші мұғалім болса, асыл қасиетті бойына сіңіру ұрпақтың мұраты. Мектеп тұлғаның қоғамдық өміріне бейімделу жолындағы маңызды баспалдақ. Қазіргі таңда Қосшы қаласындағы білім ордаларында біртұтас тәрбие бағдарламасы қалай іске асырылуда? Тілшіміз Нұрсәуле Мұрат көріп қайтты.
РКС: Рақымжан Қошқарбаев атындағы мектепте 1100-ге тарта оқушы білім алуда. Біртұтас тәрбиенің астарында ұлттық мүдде, ұлттық ар-ұят, ұлттық талап жатқаны анық. Осы үш құндылық негізінде бағдарлама аясында кешенді жұмыстар қолға алынған. Мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыс істейді. Орталық жанындағы «Даналық мектебі» аясында «Аналар клубы», «Әжелер клубы», «Аталар клубы» да ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосуда.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: СҰЛУАЙ ІЛИЯСОВА, Р. ҚОШҚАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Тағы бір жаңашылдық өзгеріс енгізгені бұл сынып сағаттарында сынып жетекшілері ғана осы құндылықтарға балаларға дәріптеп жатқан болса, биылғы өзгешелікте пән білімін кіріктіріп, пән мұғалімдері де өз сабақтарында осы біртұтас тәрбиенің бағдарламасын кіргізіп балаларға бағыт-бағдар беріп жатқан жайымыз бар. Оның сыртында ата-аналармен, даналық мектептері мына ауылдың үлкен қария ата-әжелерімен осы құндылықтарды дәріптеп жатырмыз.
РКС: Мектептегі тағы бір ерекшелік білім алушылардың даму динамикасын бақылау, сапалы кері байланыс пен ата-анамен ынтымақтастықты нығайту, білім алушылардың денсаулығын сақтау, құндылықтарды дәріптеу мақсатында үзіліс уақыттарында бес асық, асық ату, тоғызқұмалақ ойындары ойнатылады. Ал қыз балалар әжелермен бірге жүн түту, ұршық иіру, ою қию, киізді әшекейлеу технологиясын меңгереді.
СНХ: ГҮЛБАНУ БӘЖИЕВА, Р.ҚОШҚАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы былтыр 3 бағытта болатын болса, талап, ұлттық мүдде және ар-ұят болатын болса, осы жылы 6 бағытта біздің мектеп жұмыс жасайды. Әрбір айға атаулар берілген.+СКЛ+Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы өздерінің кәсіби біліктілігін, мектеп оқушыларына және ұлдарға аталар, өз құндылықтарын дәріптейтін болса, ал әжелеріміз өз құндылықтарын қыз балаларға үйретеді.
РКС: Рақымжан Қошқарбаев атындағы арнайы кабинет ашуға орын жоқ. Десе де, тығырықтан шығудың амалын қарастырып, мектепке кіре беріс дәлізінде батырдың ерлігін паш ететін шағын көрме қойылған. Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың бойында Отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық, заң мен тәртіп құндылықтарын дарытуымыз қажет,-дейді ұстаз қауымы.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ