ДИКТОР: Аймақтағы іргелі кәсіпорындардың бірі «Көкшетау энерго» серіктестігі 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты шара барысында Ақмола өңірін сапалы әрі үздіксіз энергиямен қамтамасыз етіп келе жатқан кәсіпорынның дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер мен қызметі ерекшеленген бір топ қызметкер марапатталды.
РКС: Энергетика саласының қызметкерлерін елеулі оқиғамен облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов құттықтады.
СНХ:ЕЛДОС РАМАЗАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Көкшетауэнерго аймаққа электр энергиясын негізгі жеткізуші. Балансында 16 мың шақырымнан астам электр желісі мен 8 мыңға жуық трансформаторлық қосалқы станция мен жабдықтар бар. Осында отырған әрқайсыңыз саланы дамытуға зор үлес қосып келесіздер. Адал еңбектің арқасында аймақтың қоғамдық өмірінде де белсендісіздер. Бастамаларыңыз оңынан болсын! Өндірісте де жеке өмірлеріңізде де табыстарға жете беріңіздер!
РКС: Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің өкімімен 1964 жылы қазанның 15-сінде «Целин Энерго» кәсіпорны болып құрылған. Тәуелсіздік жылдары атауы өзгертіліп, қазір бұл мекемеде екі мыңға жуық маман 164 мың тұрғынды энергиямен қамтамасыз етіп келеді. Мереке күні жарты ғасырдан астам тарихы бар кәсіпорынның дамуына үлес қосқан ардагерлер сый-құрметке бөленді. Олар «Көкшетау электр энергетикасына 60 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Солардың арасында Любовь Перегудина да бар. Ол бұл кәсіпорында 30 жылға жуық еңбекті қорғау жөніндегі инженер қызметінде еңбек етті.
ИНТЕРШУМ:
СНХ:ЛЮБОВЬ ПЕРЕГУДИНА, ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Ол заманда технология қазіргідей озық болмады. Қазіргі уақытта кәсіпорын заманауи талапқа сай жабдықталған. Бұл кәсіпорын басшылығының өз қызметкеріне деген қамқорлығы зор. Жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді. «Көкшетау Энерго» серіктестігінің ұжымын бүгінгі мерейтоймен құттықтаймын. Көкшетау Энерго серіктестігі өркендей берсін!
РКС:Сондай-ақ мерейтой шеңберінде Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы энергетика саласының бір топ қызметкерін «Кәсіподақ ардагері», «Құрмет белгісі», «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатпен» марапаттады. Салтанатты шара соңы концертке ұласты.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ