ДИКТОР: Жыл басынан бері "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының облыстық филиалы 700-ге жуық шағын және орта бизнес субъектісіне қолдау көрсетті. Бұл мақсатқа 37 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. 400 кәсіпкер 26,5 миллиард теңгеге жуық субсидия алды. Мемлекеттік қолдаудың негізгі екпіні көлік және жинақтау, сауда және өндіріс салаларына аударылды.

РКС: "Даму" қоры шағын және орта бизнесті қолдаудың бірнеше құралын әзірлеуде. Бұл субсидиялар, кепілдіктер және жеңілдікті қаржыландыру. Биыл ауыл шаруашылығы саласындағы жоба сәтті іске қосылды. "Кең дала - 2" бағдарламасы аясында өңірде 12,5 млрд теңгеге 56 кепілдік берілді. Бұл ретте шаруалар жылдық 5 проценттік жеңілдікпен шамамен 15 миллиард ала алды.

СНХ: ГҮЛНӘР ӘЛМҰҚАНОВА, "ДАМУ" КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл 4,3 млрд.теңгеге 2-ден астам кепілдік берілді. Осы орайда, несие сомасы 8 миллиард теңгеге жуық қаржыны құрады. Яғни, біз 50 процентке кепілдік бердік. несие сомасының 50 пайызға жуығына кепілдік бердік. Субсидияға бөлінген қаржы қалай болғанда да мемлекетке салық түрінде қайтарылады. Мысалғы, 1 теңге субсидия берілсе. 7 теңге салық төлейді. Осылайша берілген қаражат мемлекетке қайта қайтарылады.

РКС: Қор беретін субсидиялардың үштен бірі өнеркәсіп салысына бағытталған. Облыс орталығындағы серіктестік 4 жылдан бері жолаушылар тіркемелерін шығарумен айналысады. Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында өндірісті кеңейту үшін қордан қолдау алуды ұйғарды.

СНХ: РАМИС ЮЗЛИКАЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ: Тұтынушылардың тарапынан тіркемелерге сұраныс жоғары болды. Сондықтан, біз негізінен Ресейден тасымалдадық. "Қаз Прицеп" компаниясының жолаушылар тіркемелерінен бастадық. Өйткені, бұл жоғары сұранысқа ие өнім. Оң нәтижелер болды. Оған қоса,"Даму" қоры бізді қаржыландырды. Осы факторлардың барлығы бірігіп, жүк тіркемелерін шығаратын цехты аштық.

РКС: Зеренді ауданындағы "Зерен-Нұр" шипажай-сауықтыру оратлығы "Бизнестің жол картасы" жобасы аясында қаржыландырылды. Оған, жаңа медициналық корпус салды.

СНХ: ТАЛАС НҰРПЕЙІСОВ, "ЗЕРЕН-НҰР" ШИПАЖАЙ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Даму" қорымен бірлесе 4 қабатты жаңа медициналық ғимарат салдық. Бірінші қабатта мейрамхана, екінші қабатта медициналық корпус. Ал, үшінші және төртінші қабатта адамдарға арналған арнайы бөлмелер бар. Біз "Даму" қорымен жаңа корпус салу үшін несие алдық. Жаңа ғимараттың ішін жиһазбен, тұрмыстық техникамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз еттік.

РКС: "Даму" қоры шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдесу арқылы нақты экономикалық нәтиже береді. Өңірде мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлер 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Бұл кәсіпорындардан түскен салық түсімінің көлемі шамамен 400 млрд теңгені құрады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.