АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының

2024 жылғы «08» желтоқсанға тағайындалған

бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша, Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары кеткендердің орнына сайланатын сайлау округі №4 және Ақмола облысының, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттары кеткендердің орнына сайланатын сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін

телеарнасында эфирлік уақыт беруінің жалпы шарттары


«Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалы(бұдан әрі - «Қазақстан» РТРК» АҚ АОФ), «KÓKSHE»Телеарнасынының(бұдан әрі - Телеарна) атынан, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін Телеарнада эфирлік уақыт беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.

Телеарна«Қазақстан» РТРК» АҚ мен Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары бір мандатты сайлау округтері бойынша кеткендердің орнына Кандидат пеннемесе уәкілетті өкілі арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде және Телеарна бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес эфирлік уақыт береді. Сонымен қоса, монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні Телеарнада бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни Телеарнаның эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.

Телеарнада эфирлік уақыт беру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:

1) қазақтілінде хронометражы 10 (он) секундтан кем емес аудио және бейнероликтер;

2) өзге де Үгіт материалдары.

Саяси партияның/Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің «Қазақстан» РТРК» АҚ АОФ басшысының атына жазған жазбаша өтініші эфирлік уақыт беру туралы шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.

Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирге орналастыру жоспарланған күн мен уақыт Саяси партияның/Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, кейіннен олар шарт талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Саяси партиялардың/Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:

1) Саяси партияның/Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Саяси партия/Кандидат өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Телеарна эфирінде Саяси партиялардың/Кандидаттардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын «Қазақстан» РТРК» АҚ АОФбелгілейді.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Саяси партияға/Кандидатқа берілген болса, немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса, «KÓKSHE»Телеарнаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып Саяси партияға/Кандидатқа үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Үгіт материалдары Телеарнада эфирге жоспарлы шығуына дейін кем дегенде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын «Қазақстан» РТРК» АҚ АОФ ұсынылуы тиіс.

Үгітматериалдары төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:

Үгіттік аудиовизуалдық материалдар (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматта, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартындағы кадр өлшемімен, өрістету түрі interlaced, өрістерді құру жолы: үстіңгі бірінші өріс (top field first) кадрдың қатынасы16:9, біріктірілген дыбыспен және көрсетілген тайм-кодпен ұсынылады. Аудиосүйемелдеу келесі объективті және субъективті техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс: серпінді диапазон кемінде 40дБ; жиіліктік диапазон кемінде 20Гц-20000Гц; студиялық жазбада бейсызықтық бұрмалау коэффиценті 1%-дан артық емес; сигналдың акустикалық ревербациясы («жаңғырық») болмауы тиіс; сөйлеудің 100% анықтығы болуы тиіс; жазбада бөтен дыбыстар, шулар, кедергілер естілмеуі тиіс; 1-2 дыбыс жолақтары үшін түйістірілген дыбыс (оң және сол дыбыс жолақтары қайталануы тиіс) қажет; 3-4 дыбыс жолақтары үшін ажыратылған дыбыс қажет.

Үгіт материалдар сыртқы тасуыштарда (қатты диск, флеш карта) беріледі.

Электрондық тасымалдағышпен бірге эфирлік уақыт беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қамқоршыларының, жанашырларының жазбаша рұқсаттары беріледі.

Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар/Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейдіне болмасабұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.

Егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту,республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық және тектік араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеялары болса, «Қазақстан» РТРК» АҚ АОФоларды эфирге шығарудан бас тартады.

«Қазақстан» РТРК» АҚ АОФҮгіт материалдарында Қазақстан Республикасының аудандары мен облыстық маңызы бар қалалары әкімдігіне басқа да Кандидаттардың арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Өтініш берушілерге эфир уақытын беру шарттары мен тәртібі «Қазақстан» РТРК» АҚ АОФ -ның эфирлік және редакциялық саясатын, «Қазақстан» РТРК» АҚ АОФ -ның ішкі нормативтік құжаттарын ескере отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Телеарнада Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі

№ Телеарнаатауы Орналастыру түрі Орналастырутілі 1 минуттыңқұны, теңгеде, соныңішінде ҚҚС

1 «KO’KSHE»Телеарнасы Бейне материалды орналастыру

 Қазақ, Орыс 7 000

(жеті мың)

2 «KO’KSHE»Телеарнасы Бейнематериал дайындау және орналастыру

 Қазақ, Орыс 50 000

(елу мың)

*Роликтерді 30 секундтан артық тарифтеу секундына жүзеге асырылады

*Қосымша жеңілдіктер қарастырылмаған

Орналастыру құны Телеарнаның барлық қолжетімді хабар тарату орталарында (эфирлік цифрлық, жерсеріктік, сондай-ақ кабельдік операторлар арқылы және Интернет желісінде,"Қазақтелеком" акционерлікқоғамының ID TV интернет телевизиясы) трансляциялауды және ретрансляциялауды қамтиды.

Жасалған шарт бойынша Телеарнада Үгіт материалдарын таратқаны үшін төлем жасау ұсынған төлем шоты негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

«Қазақстан» РТРК» АҚ АОФ жазбаша өтініштерді2024 жылғы «30» қазаннан бастап, 2024 жылғы «06» желтоқсанға қоса алғандағы мерзімге дейінгі аралықта, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 10:00 бастап сағат 18:00 дейін (жергілікті уақыт бойынша), (үзіліс уақыты – сағат 13:00 бастап сағат 14:30 дейін), төмендегі мекенжайлар бойынша қабылдайды:

 «Kókshe» телеарнасында орналастыру үшін Көкшетау қ., М.Сағдиев көш., 19;

Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.

«Қазақстан» РТРК» АҚАқмола облыстық филиалы