ДИКТОР: Семейде кекушинкай каратэден XXI Еуразия кубогы өтті. Спорттық додада Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстанның командалары өзара бақ сынасты. Байрақты бәсекеде Ақмола өңірінің каратэшілері жарыс жүлдегері атанды.
РКС: Ақмолалық 5 каратэші Еуразияның ХХІ кубогының жүлдегері атанды. Жерлесіміз Әрсен Еркен алтын медаль еншілеп қайтты. Бұл спортшының алғашқы жетістігі емес. Бұған дейін Әрсен республикалық турнирлерде жеңімпаз болған. Болашақта спортшы Қазақстан мен Әлем чемпионатын бағындырмақ.
СНХ: ӘРСЕН ЕРКЕН, ЕУРАЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: 5 жекпе-жек болды, барлығында жеңіске жеттім. 40 келіден жоғары салмақта бақ сынастым. Каратэмен айналысқаныма 8 жыл болды. Бұл спортқа мені анам алып келді.
РСК: 4 спортшы турнирдің қола жүлдегері атанды. Солардың бірі-Томирис Шотпаева. Оны да спорттың бұл түріне анасы жетектеп келіпті. Ол бұған дейін Қазақстан мен Азия чемпионатында 3 орынды иеленіп, түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлдегер атанып үлгерген.
ТОМИРИС ШОТПАЕВА, ЕУРАЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Үшінші орын алдым. Категория 16-17, 52 дейін төбелестім. Жарыста 3 бой өткіздім. Үшінші бойды Ресей елінен ұтылып қалдым. Осы спортта мен алдағы уақытта кандидат в мастера спорта және мастер спорта алу. Және де сборный Қазақстанға түсу. Алдағы уақытта тренер болып, осы каратэ жолын жалғастырғым келеді.
РКС: Каратэшілер "Кумите" әдісінде өздерінің күші мен шеберліктерін көрсетті. Жаттықтырушы Руслан Нұрғалиев қарсыластардың мықты дайындықпен келгенін атап өтті.
СНХ: РУСЛАН НҰРҒАЛИЕВ, «БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕКУШИНКАЙ КАРАТЭ ҰЙЫМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Алда жоспарымыз көп. Әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Сонымен қатар ерлер кубогына абсолютті салмақ дәрежелері бойынша қатысады. Сондай-ақ "ката" әдісі бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді. Яғни, бір күнде үш жарыс өтеді. Қазір әйелдер командасы дайындық үстінде.
РКС: Айта кетейік, кекушинкай каратэден Еуразия кубогы дәстүрге айналды. Ол 21 жыл қатарынан өткізіліп келе жатыр.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ