ДИКТОР: КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, композитор, журналист Маман Ементаев тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, үзеңгілес жолдастары мен туған-туыстары жиналды. Ақын, композитордың құрметіне арналған мемориалды тақта өмірінің соңғы кезеңі өткен үйдің қабырғасына ілінді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Маман Ементаев 1938 жылы туған Көкшетау облысы Айыртау ауданы Егіндіағаш ауылында дүниеге келген. Бала кезінен отбасында үнемі музыкаға еліктеп өскен. Халық әндері мен поэтикалық шығармаларды орындау дәстүрлерін бойына сіңіріп, жастайынан домбырада ойнауды үйренген. Журналист мамандығы бойынша Қарағанды облыстық "Орталық Қазақстан"газетінде еңбек етті. Кейін "Көкшетау правдасында" мәдениет бөлімінің, кейін ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

СНХ: АЛМАС АЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ағамыздың зор рухани мұрасын қазақ халқының Көкшетау жұртшылығы ғана емес, республика көлемінде кеңінен насихаттап жүрген жұбайы Ементаева Үкіжан Қалиақпарқызының еңбегін ерекше атап өткен жөн. Шығынды өз мойнын алып жәрдескен ізгі жандардың баршасына зор алғыс білдіргім келеді. Бұл ізгі іс Маман Баймақұлы сынды бірегей тұлғаға деген құрмет.

РКС: Журналистикадағы көп жылғы жұмысы үшін Құрмет грамоталарымен, мемлекеттік медальдарымен марапатталған. Маман Ементаев Көкшетауда тұңғыш домбырашылар оркестрін құрған. Осы өңірде айтыс өнерінің жаңғыруына зор үлес қосқан адам. Ақынның - "Ауыл қонған Сырымбет саласы" поэтикалық жинағының авторы. Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның әртістері орындап жүрген бірнеше лирикалық әндерді де жазды. Ізгілік ісімен өнеге қалдырған ақынның өмір жолында қызметтес болған әріптестері оны сағынышпен еске алады.

СНХ: БАҚЫТ СМАҒҰЛ, «ЕЛ БІРЛІГІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Кеңес заманында бертінгі Тәуелсіздік алған жылдары осы Көкшетау облысының облыстық газетінде қызметтес болдық. Маман ағаның өте бір сондай бір адамға деген ізгілігі, мейірімділігі, жүзінен сондай бір жылылық,шуақ шашып тұратын адам болатұғын.Қашан көрсеңде өзінің соңынан ерген біз сияқты інілеріне өзі келіп амандасып, сондай бір қарапайымдылығымен мынау қаламы қарымды шеберлігімен бізге үлгі-өнеге болдыОның ізін басып, одан көп үлгі-өнеге алдық.01:03

РКС: Оның әні егеменді Қазақстан жастарын жігерлендіріп, патриоттық рухын көтереді. Ақын атында Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында көше бар. Ақынның жары да бүгінгі қуанышын ерекше толқыныспен жеткізді.

СНХ: ҮКІЖАН ЕМЕНТАЕВА, ЖҰБАЙЫ: Естелік,үлкен естелік.Алғысым шексіз. Облыс акиматына, Жабал Ерғалиұлына. Артында іздері қалғанына тәубе деймін. Өте қуаныштымын. Халық та келіп жатыр, телевидение сіздерге де.

РКС: Бұдан соң жиналғандар ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, ақын рухына арнаған жырларынан үзінді оқып, рухына тағзым етті.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ