ДИКТОР: Щучинск қаласындағы «Жақсы - 2» спорт базасында дзюдодан жастар арасында Бөгенбай батыр атындағы дәстүрлі республикалық турнир өтті. Татами төріне бірнеше өңірдің 100-ден астам үміткерлері қатысып, күш сынасты.

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Ат шаптырым осы залда Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов тер төгіп жаттықты.

ЕСТЕССТВЕННЫЙ ШУМ:

РКС: Танымал дзюдошы, белгілі спорт менеджері Тұрсынбай Тоққожинов Богенбай батыр атындағы осынау жарысты Ерейментау, Степногорск қалаларында санмәрте өткізіп, талай мықты дзюдошыларға үлкен спортқа жол ашып берді. Оның бұқаралығы жыл оған сайын артып, олимпиада ізбасарларын дайындауға серпін берді. Осы жолғы дзюдошылар турнирі тартыспен басталды. Мықтылары татами төрінен қуанышқа бөленіп шықты.

СНХ: НҰРСҰЛТАН БЕЙСЕНБЕК, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Жарысқа бірнеше кезеңмен дайындық жасап келдім. Физикалық жағынан да біраз шыңдалдық. Жанағы қарсыласым Алматы облысының баласы. Өте мықты дзюдошы. Оған қарсы әдісті тиімді қолдана білдім. Біздің 60 келі салмақта бәсекелестер көп.

РКС: Лондон олимпиадасына қатысышы еліміздегі шебер дзюдошылардың бірі Еркебұлан Қосаевтың бапкері бүгіндері Абай облысында жемісті еңбек етіп жүр.

СНХ: АМАН ШӘРІПОВ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БАПКЕРІ: Дзюдо Елдос Сметов Париж олимпиадасынның чемпионы болғаннан кейін Қазақстанда қанатын кеңге жайды. Бөгенбай батыр атындағы турнирге санмәрте келгенбіз. Осы жолы Бурабай жерінде өтіп жатыр. Бұл географиялық өзгерістерді танымыл дзюдошы Ерейментау өңірінің тумасы Тұрсынбай Тоққожинов жасап, олимпиада ізбасарларын Солтүстік облыстардан іздестіру үстінде.

РКС: Татами үстіндегі тартысты белдесулерде бұла күші бұлқынған дзюдоның айла тәсілдерін жетік меңгерген жастар жүлдегер және жеңімпаз атанды. Оларға Ақмола облыстық дзюдо федерациясымен жергілікті кәсіпкерлер қаржылай қолдау көрсетті.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, КӨКШЕ АҚПАРАТ