ДИКТОР: Бурабай ауданында пәтер кезегінде тұрған 50 отбасы баспаналы болды. Аудан әкімдігі жаңа пәтерді ұзақ жыл кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтар үшін сатып алды.

РКС: Пәтерлер сатып алудың жаңа әдісі бойынша жүзеге асырылды. Тұрғын үй кешені жайлы ауданда орналасқан. Барлық әлеуметтік нысан да аса алыс емес. Аталған бағдарлама Мемлекет басшысының біздің алдымызға қойып отырған міндеттеріне сай жүзеге асырылып отыр,-деп атап өтті аймақ басшысы.

СНХ:МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазіргі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалып жатқан үлкен жоба. Құтты болсын осы алы жатқан пәтерлеріңіз. Үйлеріңізде құт-береке, жақсылық мол болсын! Бүгінгі осы жаңа әдіспен қазіргі таңда күтпей салынып жатқан үйлерден таңдап алып сіздерге осындай жайлы, ыңғайлы болсын деп жақсы жерде орналасқан қазіргі талаптарға сай баспана бұл бақтың , арманның кілті деп ойлаймын. Жаңа бағдарлама бойынша алып жатқан пәтерлеріңізді ертең жеке меншікке аудары алуға толық мүмкіндіктеріңіз бар.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Баспаналы болған бақытты жанның бірі - Бағила Қасенова. Педагогика саласының ардагері. Үй кезегінде тұрғанына 9 жыл болыпты. Мұндай бағдарламалар мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығын айқын көрсетеді,- дейді.

СНХ:БАҒИЛА ҚАСЕНОВА,БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Міне бүгін Республика күні қарсаңында жаңа пәтер кілті табысталды. Жаңа пәтерлерді тек көп балалы отбасылар мен Ауған соғысының ардагерлері ғана емес, сондай-ақ ұзақ жыл бойы кезекте тұрғандар азаматтар да алды. Пәтер өте кең әрі жайлы.

РКС: Айта кетейік, соңғы жылдары өңірдің тұрғын үй құрылысына 22 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Биыл ақмолалықтар үшін 3 мыңға жуық пәтер сатып алынды. Бұл соңғы бес жылдағы жоғары көрсеткіш.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ