ДИКТОР: Тәуелсіздік жолында қанатымызды қомдап, тұғырымызды бекіте бастаған жылдары еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген мәдени нысандар ашыла бастады. Кеңестер Одағының Баты¬ры, КСРО педагогика ғылымдары акବдемиясының академигі, фило¬лгия ғылым¬дарының докторы, профес¬сор, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин музейі де осы жылдары бой көтерген еді. Тілшіміз Нұрсәуле батыр музейінде болып қайтты.

STAND-UP: НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ТІЛШІ: Халқымыздың тамырын тереңге жайған мол мұрасын жеткізуде ұлттық мұражайлардың атқаратын қызметі орасан зор. Солардың бірі-тұлға тарихын зерттеп, дамыту үшін,халыққа таныту үшін ашылған Мәлік Ғабдуллин музейінде тұрмыз.

РКС: 1995 жылы батырдың 80 жылдығына орай ашылған орда. Алғашқы құнды жәдігерлерді батырдың немере інісі Жанатай Бекенов пен жұбайы Мәриям Кенжеахметова әкеліп тапсырған еді. Бастапқыда 300 ғана экспонатпен ашылған бұл музейде қазір жәдігерлердің саны 8 мыңға жуықтады.

СНХ: КЕНЖЕБАЙ МҰҚЫШЕВ, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Не көрмеген ғимарат. Соғыс басталды. Сол соғыстан кейін тағы да мектептер ашылды. Мұның ішінде аурухана болды, кешкі мектеп ұл балаларға, күндіз қыздар мектебі болды.Сондай көп мекемелер болды.Сосын 8 жылдық болды. Сосын соңында айналып келіп Мәлік Ғабдуллин жергілікті жердің батыры ғой, өзіміздің Зеренді ауданының нақты Көкшенің азаматы. Сол ойлана келіп 1993 жылы қаулы шығып, 1995 жылы кәдімгідей Мәлік Ғабдуллин музейі болып ашылды. Сыртқы ағашы бүліне бастаған соң 2005 жылы кәдімгідей үлкен жөндеуден өтті. Қайтадан бәрін алып тастап, таза бөрене ағаштан осы ғимарат салынды. 2019 жылы реэкспозициядан үлкен өтті.

РКС: Музейдің ғылыми бағытта атқарып жатқан жұмыстары да көп. Мәлік Ғабдуллиннің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты кітабы былтыр «Ұрпақ тәрбиесінен - ұлттық болмысқа» деген атаумен қайта жаңғыртылды. 500 данамен жарыққа шықты. 2016 жылдан бері «Жас Ғабдуллиншілер клубы» жұмыс істеп келеді.

СНХ: АЯГӨЗ МАХМЕТОВА М.ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІНІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Батыр есімін иеленіп отырған мектептер арасында республикалық «Жас Ғабдуллиншілер»клубы құрылған болатын. Күні бүінге дейін 300-дей оқушы қабылданды. Бұл жердегі біздің мақсатымыз-жас мәліктанушылардың қатарын көбейту болып табылады. Ал 2022 жылы республиканың түкпір-түкпірінде оқып жатқан оқушылар Мәлік Ғабдуллиннің туған жеріне саяхат жасауға мүмкіндік алды.

РКС: Айта кету керек, музей батырдың жеке қолжазбаларын жинастыра келе, 2020 жылы «Қазақ баласы» деген атаумен жарыққа шығарды. Сонымен қатар, музей онлайн көрмелер, жылжымалы экскурсиялар, мүшәйралар, онлайн семинарлар өткізіп отырады. Жыл басынан бері музей ең ірі республикалық 3 көрме өткізді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ