ДИКТОР: 15 жылдан соң халықпен қайта қауышқан ұлттық мереке қарсаңында Көкшетауда салтанатты шара өтті. Онда Президент Жарлығымен бір топ ақмолалық мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар және еңбек ардагерлері бар.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Биыл Республика күні ұлттық мереке ретінде 3 рет аталып өтілуде. Осы уақыт ішінде еліміз көптеген жетістікке қол жеткізді. Әрине, осы ретте ақмолалықтардың да үлесі бар. Атап айтқанда, биыл өңірде 4,7 миллион гектар егістік алқабынан 6,6 миллион тонна астық жиналды. Орташа есеппен гектарынан 14 центнерден айналды. Мұндай мол өнімді өңір 2011 жылы жинап алған еді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі таңда, стратегиялық басымдылықтарды жүзеге асыруда, біздің Ақмола облысы да үлкен маңызға ие. Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында, аймақта биыл 7200 орындық 6 мектеп берілді. Жыл соңына дейін, 4200 орындық 3 мектепті беру жоспарлануда. "Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту" жобасы аясында, екі жылдың ішінде заманауи 38 медициналық нысан пайдалануға беріледі. Биылғы жыл, аймақтың спорт саласындағы үлкен жетістіктер жылы деп айтуға болады. Біздің жерлестеріміз,бүкіл әлем асыға күткен Парижде өткен дүбірлі дода - жазғы Олимпиада мен Паралимпиадаға 7 жолдама жаулап алды. Бұл - Ақмола спортында болмаған тарихи жетістік.

РКС: Ұлттық мереке - Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін 40-тан астам ақмолалық мемлекеттік наградаларды иеленді. Солардың қатарында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Сағынтай Елубаев ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: САҒЫНТАЙ ЕЛУБАЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Керемет, тамаша күндердің бірі - бұл Республика күні. Мынау оқу, білім саласына мемлекет тарапынан зор қолдау білдірілуде.

РКС: Сонымен қатар, “Ақмола облысының құрметі азаматы” атағы Жабал Ерғалиев, Жексенбай Дүйсенбаев пен Еркін Ғаббасовқа берілді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ