ДИКТОР: Филиппин астанасы Манилада қазанның 14-і мен 16-сы аралығында әлем мен Азияның ең мықты чемпиондары арасында "Амма" ММА аралас жекпе-жектен Гран-при турнирі өтті. 20 елдің өкілі жиылған жарысқа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты. Ерназ Мұсабек пен Нұркеш Әнас алтын медаль иеленіп қайтты. Жеңімпаз спортшыларды әріптестері №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде салтанатты түрде қарсы алды.

РКС: Спортшыларды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы күмбірлеген күймен қарсы алды. Одан соң Ерназ Мұсабек пен Нұркеш Әнас "Batyr Team Kids" балалар секциясының тәрбиеленушілеріне жігерлендіретін игі тілектерін білдірді. Спортшылар жеңістерін 19 қазанда өткен Құтқарушылардың кәсіби мерекесінің құрметіне арнағандарын айтты. Нұркеш Әнас 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 3 жекпе-жекте де өзін сенімді ұстап, жеңіске жетті.

СНХ: НҰРКЕШ ӘНАС, ММА БОЙЫНША ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Мен бұл жеңісті төтенше жағдай қызметінде жүрген барлық әріптесіме арнаймын. Басшыларымыз осы жарысқа баруға зор қолдау көрсетті. Өзімізді әлемдік деңгейде көрсетуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін. Спортқа келгеніме көп бола қойған жоқ, 5 жылдай болды. Жауынгерлік самбодан бастадым, артынша ақырындап ММА-ға көштім. Жұмысым мен жаттығуды қатар алып келемін.

РКС: Ерназ Мұсабектің аралас жекпе-жекпен айналысқанына 10 жылдан асты. 56 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Маниладағы турнирде оның 3 қарсыласы болды. Финалда ол сол кездегі әлем чемпионы – Тәжікстан спортшысына қарсы жекпе-жек өткізді.

СНХ: ЕРНАЗ МҰСАБЕК, ММА БОЙЫНША ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Тәжік спортшысы болды, сонымен ақырғы кездесуде басыңқы жеңіспен жеңіп, бірінші орынға ие болдық. Енді осылай қарсы алып, қатты құрмет көрсетіп жатыр, жақсы қарсы алып жатыр, осыған үлкен рақмет. Осы барлық 10 жылдың ішінде 2 рет әлем чемпионы болдым, 3 рет Азия чемпионы болдым ММА-дан және грэпплингтен 4 рет Азия чемпионы болдым.

РКС: БСпортшы құтқарушылар мұнымен шектеліп қалмақ емес. Алдағы уақытта бұдан да үлкен белестерді бағындырудан үмітті. Азаматтардың өмірін сақтап, өрт сөндіруші ретіндегі жұмыстарын спортпен қатар жалғастырмақ.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ