ДИКТОР: «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында Ақмола облысы аумағында экологиялық іс-шаралар жалғасуда. Жыл басынан бері Зеренді ауданы бойынша аталған акция аясында 600-ге жуық таза бейсенбілік және сенбілік өткізілді. Экологиялық шараға 14 мыңнан астам адам қатысып, 500-ге жуық техника жұмылдырылды. Стихиялық 18 қоқыс орны анықталып, бәрі уақытылы жойылды.

РКС: Экологиялық шара Зеренді ауылындағы шаңғы-роллер базасының аумағынан басталды. Оған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, аудандық мәслихаттың депутаттары, сондай-ақ белсенді жастар мен еріктілер қатысты. Аумақты тазарту кезінде 10 текше метрден астам қоқыс шығарылды. Айта кетерлігі, жазғы маусымда Зеренді ауданында «Жасыл Ел» сарбаздары қатарында 62 жас нәтижелі жұмыс атқарып, «Таза Қазақстан» жобасына айтарлықтай үлес қосты.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ОРАЛБЕК БЕКІШЕВ, «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛІСТІГІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әр жерімізде Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүріп жатыр. Біздің Президентіміздің бастамасын қолдап отырған біздің Зеренді ауданының Әкімшілік қызметкерлері, ішкі саясат бөлімдеріне ризашылығымды білдіремін. Себебі бұл жастарға үлгі тәрбие, ұлағат, тәрбиенің мәселесі. Құрметті қазақстандықтар, алдымызда үлкен бір мерейтой келе жатыр, Республика күні. Осындай жақсылықта тойымызды тойлай берейік.

РКС: Осы жоба басталғалы жастар мен түрлі мекемелердің, ұйымдардың қолдауымен елдімекендердің келбеті ажарлана түсті. Тұрғындардың экологиялық мәдениеті артқанын көруге болады. Әсіресе жастардың белсенділігі жоғары. Мұның бәрі атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі.

СНХ: КАРИНА ЖҮСІПБЕКОВА, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Бүгін біздің зерлі Зерендіде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына қуана қатысып жатырмын. Бұл шара аумақты қоқыстан тазартумен шектелмейді. Ол ең алдымен таза қоршаған ортаны құру, Табиғат-Ананы аялау жолындағы маңызды қадам деп айтар едім. Әрқайсымыз табиғатты қорғау үшін өз тарапынан қадам жасайтынына сенімдімін. Осындай игі іске қолдау білдіру мен үшін үлкен мәртебе. Елдімекеніміз бүкіл елдің тазалығы мен экологиялық жауапкершілігінің символына айналсын. Қазақстандықтарды алда келе жатқан Республика күнімен құттықтаймын! Мереке құтты болсын, бақыт, зор денсаулық, табыс, әл-қуат, сәттілік тілеймін!

РКС: Экологиялық шара Зеренді ауылындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының аумағына ағаш көшеттерін отырғызу шарасымен жалғасты. Оған 200-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ Шағалалы жоғары агротехникалық колледжінің студенттерімен оқытушылары да аталған елдімекендегі саябақты қоқыстан тазартты. Айта кетейік, жоба басталғаннан бері облыс бойынша 600 мыңға жуық адамның қатысуымен 500-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді. 30 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ