ДИКТОР: Шымкент шаһарында қазанның 18-і мен 20-сы аралығында каратэ-до шотоканнан әлем кубогы өтті. Халықаралық додаға ақмолалық спортшылар да қатысып, жүлделі орындармен оралды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Теміржол вокзалынан жеңімпаздар мен жаттықтырушыны ата-аналары мен достары салтанатты түрде қарсы алды. Спортшылар жеңіске жету оңай болмағанын айтты. Халықаралық додада 1 орынды иеленіп қайтқан Айлин Дүйсенбаеваның спорттың бұл түрімен айналысып келе жатқанына 7 жылдан асты.

СНХ:АЙЛИН ДҮЙСЕНБАЕВА, ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Бұл турнирде жеңіске жету қиындау болды. Көптеген елден спортшылар қатысты. Кейбір балаларға 1,2,3 орындарды иеленуге мүмкіндік болды және олар жеңіске жетті. Жарыс болған соң, жеңіспен жеңіліс қатар жүреді. Келесі жолы олар осы жолы жіберген қателіктерін қайталамай, жақсы дайындалады деп сенемін.

СНХ:АСАНӘЛІ СҮТБАЕВ, ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Әлем Кубогынан ерекше сезіммен оралып тұрмын. Эмоциямды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Финалда мен өзімнің командаласым Владислав Лехачпен кездестім. Керемет жекпе-жек өткіздік, жарыс жоғары деңгейде өтті, барлығына алғысым шексіз. Бәріне ризамын.

РКС: Аталмыш халықаралық жарысқа 9 мемлекеттен 600-ден астам спортшы қатысты. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған мықты спортшылармен иық тіресе сайысуға облыстан 15 спортшы аттанған еді. Жарыс қорытындысы бойынша Ақмоланың құрама командасы 2 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

СНХ: РУСЛАН ДҮКЕМБАЕВ ҰЛТТЫҚ КАРАТЭ-ДО ШОТОКАН ФЕДЕРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ол енді барлық осы бір адамның ғана емес, бірігіп істеген жұмыс, ақмолалықтардың қолдауының арқасында осындай нәтижеге жетіп отырмыз. Баршаларыңызға көптен-көп рахмет айтқым келеді. Алдағы уақытта спортшылар Ташкент қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысады.

РКС: Жерлестеріміз аз-кем демалыстан соң татамиде дайындықтарын қайта бастайды. Өйткені алда Ташкент қаласында Әлем чемпионаты өтеді. Соған жақсы дайындалып, ол додадан да жеңіспен оралуды көздеп отыр.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ