ДИКТОР: Александр Ширмер қаланың іргесіндегі Красный Яр ауылында тұрады. Жұбайымен бірге екі бала тәрбиелеп отыр. Жеті жылдан бері механизатор болып еңбек етеді. Өз ісінің нағыз маманы. Ауыр техника сынып қалса, оның да тілін табады. Күн сайын тынымсыз еңбек жолында.

РКС: Красный Ярда орналасқан полигонда 20-дан астам маман жұмыс істейді. Олардың арасында Александр Ширмер де бар. Күн сайын қаланың түкпір-түкпірінен 120-дан 160 тоннаға дейін тұрмыстық қатты қалдық пен өндірістік қоқыстар жеткізіледі. Александрдың басты міндеті-полигондағы жағдайды бақылау және аумақты тығыздау арқылы тазарту.

СНХ: АЛЕКСАНДР ШИРМЕР, МЕХАНИЗАТОР: 2017 жылдан бастап бульдозерде жұмыс істеймін. Қоқыс әкелінеді, біз оны техникамен бір жерге үйеміз, одан соң өрт болмас үшін үстінен құм төсейміз. Алдағы уақытта жағдайымыз жақсарады деп үміттенеміз. Зауыт салынады дейді. Көкше тазалық" серіктестігнің қарамағында болған кезде бұл жерде жағдай мәз емес еді. Мәриям Серікқызының арқасында біршама жақсарды. Таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейміз.

РКС: Александр полигондағы жұмысын тек қоқысты жинау емес, маңызды және қажетті миссия деп санайды. Бульдозердегі әр күні қаланың экологиясы мен өміріне тікелей әсер ететінін жақсы түсінеді. Қоқысты жинау -болашақ ұрпақ үшін таза, қауіпсіз орын жасау деп санайды.

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, "ЭКО-DUMP" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Александр Сергеевич тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында жұмыс істейді. Сондықтан өрт оқиғасы орын ала қалса, немесе стандартты емес жағдайлар кезінде өзін қалай ұстау керектігін біледі. Айта кету керек, ол өте тәжірибелі, сонымен қатар ол өзінің білгенін өзгеге үйретуден жалықпайтын жан. Көптеген мамандарды тәрбиелеп келеді. Дәл осындай жұмысшыларға шынайы алғысымды білдіремін.

РКС: Алғашқы еңбек жолында Александр Ширмер өзінің аға әріптестерінің тәжірибесін бойына сіңіре жүріп, өзі де шынықты. Ол полигонда еңбек ететін басқа жұмысшыларға тәжірибесімен бөлісіп, оларды еңбектің қыр-сырына үйретіп келеді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.