ДИКТОР: Степногорск қаласындағы колледждерде кешенді жоспар аясында деструктивті діни ағымдар мен терроризм қызметі туралы дәріс өтті. Соңғы он жылда жастар әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланып келеді. Ал терроризм мен экстремизді насихаттау және діни деструктивті ағымдар интернет кеңістігінде кең тараған.

РКС: Сарапшыларның айтуынша, соңғы уақытта білім беру мекемелерінде жарылғыш заттың қойылуына байланысты жалған хабарлау фактілері жиі кездеседі. Сондай-ақ мектеп оқушылары мен колледж студенттері діни және ұлтаралық араздықты өршіту мен суицидке итермелейтін жабық телеграм арналарында тіркелген фактілер де анықталды.

СНХ: ДӘУРЕН ҚАНАЕВ, «НҰРЛЫ БІЛІМ» «ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ» ОРТАЛЫҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазіргі таңда өздеріңіз білесіздер, жастар арасында ахуалдық діни ағымдар өте көп болып жатыр. Сондықтан қазір жастар білімсіздіктен біріншіден, екіншіден жауапкершілігі жоқ. Жастар бұл ақпаратты интернеттен алады. Жастарға айтатыным, айтады ғой қазақта, өзің білмесең, білген адамнан сұра деп, сондықтан білген адамнан сұрау керек. Сонда бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

РКС: Теріс діни бағыт пен жаман жолға итермеушілер өз қадамдарының қоғам үшін қаншалықты қауіпті екенін түсінбейді. Олардың мұндай әрекетке баруы бұзақылық, емтихан тапсырмау, ата-аналар жиналысын болғызбау сияқты себептерден туындайды. Алайда, бұл әрекеттердің де террористік бағытқа жататынын ескерген жөн.

СНХ: КСЕНИЯ ШОВКАНЬ, «МАҚСАТ» КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Терроизмге барған балалар туралы мәліметті қарасаңыз жан түршігеді. Желіде де, нақты өмірде де елімізде ондай оқиғалар көп. Ауыздан шыққан әрбір сөзге абай болу керек. Байқаусызда жылт етіп шығып кеткен сөздің өзі орны толмас өкінішке әкелетіні шындық. Әлеуметтік желіде не айтамыз, не жазамыз, бәрі қадағаланатынын білген жоқпын.

РКС: Заң бойынша терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасағандарға жаза қарастырылған. 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлдан бастап 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 14 жасқа толған азаматтар осындай әрекетке барса қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Егер жасөспірімнің жасы 14-ке толмаса, онда оның ата-анасы баласының тәрбиесіне байланысты шара қолданбағаны үшін жауапкершілікті арқалайды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ