ДИКТОР: Шортанды ауданына жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Марат Ахметжанов бірқатар нысанды аралады. Өңір басшысы аудандағы ұн тарту кешені мен құрама жем зауытының жұмысымен танысты. Сондай-ақ Научный ауылындағы мектеп пен Дамса елдімекеніндегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болды.

РКС: Шортанды ауылында «ABM AGRO» серіктестігінің ашылуы ауыл тұрғындарын 40-қа жуық жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Өндірістік кешен жылына 54 мың тоннадан астам өнім дайындауға қауқарлы. Жеке элеваторы 7500 тонна астық қабылдай алады. Кәсіпорынның жеке теміржол тұйығы бар. Дайын өнімді автокөлікпен, теміржол құрамымен де жөнелтіледі. Мұндағы шығарылатын өнім негізінен кондитерлік, макарон өндірісіне арналған нан және нан өнімдерін пісіруге қажетті шикізат, сонымен бірге түшпара дайындауға да қолданылады.

ЛЮФТ: В сутки 150 тонн да? Реализация бар ма? – Реализация бар. Торговая марка новая. Конечно есть определенное недоверие. Но мы стараемся качественно выполнять работу. – Ярмаркада реклама жасаңдар. Астанада болатын ярмаркада. У вас фасовка же есть ещё? - Да, фасовка сейчас на стадии разработки 5-10 кг. Потому тоже рынок требует.

РКС: Научный ауылындағы орта мектептің оқушылары көрме ұйымдастырып, шығармашылық, ғылыми жобаларымен және жетістіктерімен бөлісті. Бұл мектепте 180-ге жуық оқушы білім алады. Білім ошағына күрделі жөндеу жүргізілді. Әрлеу, инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып, ауланы абаттандыру аяқталды. Марат Ахметжанов кездесу барысында балаларды өңірде көзі тірі қалған жалғыз Социалистік Еңбек Ері Есілбай Қадралинмен таныстырды.

СНХ:МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Еңбек адамы әрқашан құрметке ие болуы керек» деген. Сондықтан білім аламын десеңіз грант бөлінген, стипендия да беріледі. Егер агроном, ветеринар, сантехник, тепловик, энергетик не басқа да жұмысшы мамандықтарды таңдасаңыз, облыс бойынша 1 миллион теңгеге дейін 244 стипендия бөлінеді. Бұл сендерге тегін білім алуға мүмкіндік береді. Білімін шыңдап, елге адал қызмет ету керек.

РКС: Сондай-ақ, Марат Ахметжанов Дамса ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тыныс-тіршілігімен танысты. Өңір басшысы қарттарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Олардың өмірлік тәжірибесі - жас ұрпақ үшін баға жетпес үлгі екенін атап өтті. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қарт адамдар және тұрақты күтім мен медициналық көмекке мұқтаж мүгедектерге көмек көрсетеді. Қазір мұнда 49 адам тұрады. Бұл оңалту орталығында оларға барлық жағдай жасалған.

СНХ: ЕЛЕНА БЕСЕДИНА, АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Мемлекет тарапынан көресетілетін көмек, қолдау үшін Президентке алғысымыз шексіз. Мұндай орталықтардың ашылуы өмірде қиындықтарға тап болған мұқтаж жандарға екінші дем береді.

РКС: Сондай-ақ, облыс әкімі «Дамсинская» және «Основная» бөгеттерінде атқарылған жұмыстардың барысымен танысты. «Дамсинская» бөгетінде шлюздердің құрылысы және қолданыстағы су жіберуді консервациялау жұмыстары жүріп жатыр. Әр жобаның құны - 1 миллион теңгеден асады. Сонымен қатар, өңір басшысы Шортанды ауданындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту барысымен танысты. Құрылыс үшін шамамен бір жарым миллард теңгеге жуық қаражат бөлінген.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жұмыс сапарының соңында аймақ басшысы аудан әкімдігіне тұрғындардың тұрақты өсуі мен өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ету үшін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ