ДИКТОР: Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына орай облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Оған өңірдің жоғару оқу орындарынан 13 команда қатысты. Атом электр станциясы тақырыбында өткен пікірсайыстың басты мақсаты - студенттердің саяси сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттыру.

РКС: Алдымен қатысушылар жеребе тарту арқылы жұптарға бөлінді. Содан соң сөз шеберлері атом электр станциясының пайдасы мен зияны жайлы ойларын ортаға салып, жан-жақты талқылады.

СНХ: ШАХНАЗ ЫСМАЙЫЛОВА, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Ойын өте қызықты. Сондай бір керемет сезімде, толқуда болып тұрмыз. Барлық қатысушылар жан-жақтан дайындалып, ұжымдылықтың, белсенділіктің сипатын бізге көрсетіп тұр. Дебат дегеніміз - бұл менің ойымша өте керемет ойын. Өте керемет тартыс. Бұл жерде әр адам өз ойын, өз логикасын дамыту арқылы көрсете алады.

РКС: Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің студенттерінен құралған "Сана серпін" командасы еншіледі. Оларға 70 мың теңгелік сертификат табысталды. Ал, 50 мың теңгенің ақшалай сертификаты мен 2 орынды "Fire ball" тобы иеленді. "Элита" командасы жүлдері 3 орын мен 30 мың теңге қанжығаларына байлайды. Айта кетейік, үш орынды да аталған колледждің командалары еншіледі.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ