ДИКТОР: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамадағы соңғы өзгерістердің бірі – уәкілетті орган үшін азаматтардың шағымдарын күтпестен ақпараттық жүйелерге қолжетімділік арқылы қашықтықтан бақылау жүргізу. Соның нәтижесінде 517 қызмет алушының құқығы қорғалды.

РКС: Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті қызметіндегі басты міндеттің бірі – көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету. 9 айда әрекет ету шараларының нәтижесінде 588 қызмет алушының құқығы қорғалды. Оның ішінде 59-ы азаматтардың арыз-шағымдарын қарау қорытындысы бойынша жүзеге асырылды.

СНХ: ҚАЙРАТ КӨКІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Департаменттің енгізген ұғарымының негізінде мемлекеттік органдар 4 шаруа қожалығына 110 миллион теңгеден астам субсидия төледі. 47 азаматқа түрлі мақсаттағы жер телімі берілді. 8 қызмет алушыға пәтерді жекешелендіруге, сонымен қатар жылжымайтын мүлікке, көлікке құқықтарды тіркеу, жер телімдеріне актілер дайындауға байланысты мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

РКС: Тәжірибеге сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жер комиссиясына қатысуды алып тастау туралы жер телімін мақсатты пайдаланылуды өзгертуге шешім беру тәртібіндегі өзгерістерге қарамастан, өтінімдерді алқалы органның отырыстарында қараған. Әрекет ету шараларынан кейін бұл тәжірибе тоқтатылды. Осылайша, 363 қызмет алушының өтінімдері комиссиясыз, белгіленген тәртіппен қаралды. Оның қорытындысы бойынша 280 арызданушының шағымы оң шешілді.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ШЫТЫРЫМБЕК, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Әрекет ету шараларынан кейін 154 азамат қайта жүгініп, оның 45-і оң шешілді. Ақмола облысы әкімінің аппаратымен бірлескен бақылау іс-шарасының нәтижесінде 12 кәсіпкерге бұрын талап етілген артық құжаттарсыз сауда үйлерін, дүкендерді, басқа да коммерциялық нысандарды кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді.

РКС: Айта кетейік, 9 ай 38 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, 35 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы, азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері департаменттің тұрақты бақылауында.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ