ДИКТОР: Көкшетауда облыстық жастар фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мәдени шара Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жоспары аясында қазанның 14-і мен 17-сі аралығында өтеді.
РКС: Шараның мақсаты - жастардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, әлеуметтік белсенділігін арттыру, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру. Жыл сайынғы сайыс сахналық өнер, зияткерлік, ақпараттық-технологиялық және вокалдық бағыттарды қамтиды. Сайыс әннің «Соvеr-нұсқасын орындау», «Домбырамен дәстүрлі ән айту», «Тапқырлар алаңы», «Қазақ аруы-2024» және «Үздік мобилограф» сияқты номинациялардан тұрады.
СНХ: АСЛАН МҰХАМЕДЬЯРОВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Көкшеміздің қазіргі уақыттағы жастраға деген кішкене көңіл бөлу деп есептеймін. Себебі қазіргі таңдағы біздің облыстан қаншама енді Үкілі Ыбырай, сал серілер шыққан мекеннен тағы да бір жарқ етіп жұлдыз шығатын уақыт шығар деп ойлаймын. Сондықтан өазір осындай керемет конкурс ұйымдастырылып отыр. Осыдан шыққан бір мықты азамат ертең Қазақстанымыздыңғ деңгейін басқа әлемдік деңгейлерде көрсететін мықты әнші болуына мен шынымен осында бір септігін тигізеді деп ойлаймын осы конкурс.
РКС: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Жауқазын» студенттік жастар театрының триосы 2-3 курс студенттерінен құралған. Олар бұл өнер сайысында Батырхан Шүкеновтың «Отан ана» әнін орындап, «Соvеr-нұсқасын орындау» атты номинацияға үміткер болып отыр.
СНХ: «ЖАУҚАЗЫН» ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ТРИОСЫ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР: Негізі бұрынғы әндерді біз барынша жаңғыртуға тырысамыз. Аспаптармен қоса, жаңа үлгіде жұртқа көрсетуге тырысамыз. Бұл біздің бірінші байқауымыз, фестивальға қатысқанымыз. Барынша 1-ші орын алуға тырысамыз енді.
РКС: Медет Шәріп – Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің 3-курс студенті. 9 жасынан бастап домбыра үйірмесіне қатысқан. Күйші бұл байқауда алғаш рет дәстүрлі ән бағыты бойынша бағын сынамақ.
СНХ: МЕДЕТ ШӘРІП, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен осы сайыста Әзімбек Байлиннің Арғымақ шығармасын орындаймын. Жаңа тәжірибе күтемін өзіме.
РКС: Ақан Сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 1-ші курс студенті Жансұлу Теміртас мамандығы бойынша драма актері. Алайда бұл байқауда «Үздік мобилограф» номинациясына үміткер болып отыр.
СНХ: ЖАНСҰЛУ ТЕМІРТАС, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Бұл жарысқа негізі осындай бір фестивальдар ұйымдастырылып жатқанына мен өте қуанамын. Өйткені бұл біздің талантты жастардың бір жасырып жатқан түбіндегі өнерлерін ашады деп ойлаймын. Осы сала қазір бізде дамып жатқаннан кейін өзімді тағы бір қырдан ашып, дамытқым келді.
РКС: Өнер сайысында алдағы үш күн бойы 70-ке тарта қатысушы 5 номинация бойынша бақтарын сынайды. Фестиваль қазанның 17-сіне дейін жалғасады. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаздар ақшалай сертификатпен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.