ДИКТОР: Соңғы жылдары Сандықтау ауданында ұлттық қазақ күресі қанатты қарқынмен дамып келеді. Бір қуанарлығы оған өзге ұлт өкілдерінің ұл-қыздары да қызығушылық танытуда.
РКС: Қазақ күресі негізінен үркердей ғана Қызыл Қазақстан ауылында бастау бұлағын алып, елімізге танымал бірнеше балуан өсіп шықты. Соңғы жылдары аудандық балалар спорт мектебінің жанынан қазақ күресі үйірмесі ашылып, жұмыс істеуде. Жасөспірімдерге білікті бапкер Александр Шарыпов дәріс береді.
СНХ: АЛЕКСАНДР ШАРЫПОВ, БАПКЕР: Жыл озған сайын қазақ күресіне қатысушы ұл-қыздардың саны артып келеді. Бұл қуанышты жәйт. Әсіресе өзге ұлт өкілдерінің балалары күрестің осы түрімен белсене айналысады. Олардың облыстық жарыстардағы нәтижесі жақсы. Алдағы уақытта да жарыстарға қатысып, шеберлігімізді шыңдаймыз.
ИНТЕРШУМ:
СТЭНД-АП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Бүгінгі жаттығуда жеті ұлттың өкілі тер төғіп жатты
СНХ: АЛЕКСАНДР БОЧЕКОВ БАЛУАН: Қазақ күресінің айла тәсілдері өте ерекше әрі күрделі. Сонысымен де ол қызықты.
РКС: Жыл соңына дейін бірнеше жауапты жарысқа қатысуды жоспарлаған Сандықтау ауданының қазақ күресі балуандары жаттығуды ширата түсуде.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ