ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде айтыс өнерінің шоқтығы биік тұлғасы Көкен Шәкейұлының 100 жылдығына орай студенттерге арналған ғылыми-танымдық конференция өтті. Шараға халық ақыны Көкен Шәкейұлының шәкірттері, белгілі қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар қатысты.

РКС: Замандастары Көкшенің көк нөсері Көкен ақын деп дәріптеген Көкен Шәкейұлының туғанына биыл 100 жыл толып отыр. 13 жасынан лирикалық және поэтикалық шығармашылықпен айналысып, айтыстарға қатысқан. Жергілікті Көкшетау ақындарының мектебін басқарды. 1987 жылы «Қазақстанның халық ақыны» деген құрметті атақ берілді. 2-ші дүниежүзлік соғыстың ардагері. Өнердегі өрісті де өнегелі жолы ескеріліп, Қазақстан ақын-жыршылар одағының тұңғыш президенті болып сайланды. «Халықтар достығы» орденімен марапатталды. Конференция алдында ақынның ғасырлық мерейтойының құрметіне арнайы көрме ұйымдастырылды.

СНХ: ЖҮРСІН ЕРМАН, АЙТЫС АҚЫНДАРЫ МЕН ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Ескінің көзін көрген 5 бәйтерек болды. Бірі осы Көкен Шәкейұлы ағамыз, бірі Сырдан Манап Көкенов, бірі мына Қалихан Алтынбаев және Арыстан Көкбей Омаров деген арыстар. Бұлар айтыстың ескі дәстүрін білетін, үзіліп, өшірілуге кетіп бара жатқан айтыстың жаңғыртылуына үлес қосқан алып тұлғалар еді. Көкен ағамыздың айтысқа сіңірген еңбегін ауызымыз тілімізге айтып тауыса алмаймыз.

СНХ: РЫСДӘУЛЕТ ИБРАҺИМҰЛЫ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Осыған дейін Көкен Шәкейұлының шығармашылығымен таныспыз. Бірақ бүгінгі конференция арқылы Көкен Шәкейұлы атамыздың өміріндегі қызықты оқиғалары, біз білмеген тың ақпараттар ала алдық.

РКС: Конференцияда еліміздің әр түкпірінен жиналған ғалымдар, ақын-жазушылар сөз алып, Көкен Шәкейұлының ақындық өнер жолы, өнегелі өмірі жайлы сыр шерті. Сондай-ақ шара барысында Көкен ақынның шәкірті, биыл асқаралы алпысқа толған ақын Құдайберлі Мырзабекке Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің төсбелгісі табысталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК,АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Көкен Шәкейұлы әбден қалыптасқан орныққан дүниеге деген көзқарасының бәрі биіктен қарайтын деңгейге жеткен шағында мен өзімнің лапылдап жалындаған 20 жасымда келіп шәкірт болғам. Бүгінде қандай бір жетістіктерге жетіп жатсам, сол кісіден алған тәлім-тәрбиенің арқасы деймін.

САБИНА ЖАМШИТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ