ДИКТОР: «Аманат» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер» облыстық балалар инклюзивті спорттық фестивалі өтті. Шараға үш бағыт бойынша 36 бала қатысты, оның алтауы мүмкіндігі шектеулі бала. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Фестивальдың мақсаты – инклюзиялық спорттық-мәдени іс-шараларды өткізу арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың дені сау құрдастары арасындағы достық байланыстарын нығайту. Сонымен қатар олардың әлеуметтік белсенділігін, сенімі мен өзара сыйластықтарын арттыру.
СНХ: СҰЛТАНБЕК БЕКІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Аманат» партиясы осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді. Олар балаларды дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған. Осындай іс-шаралар балаларды тұлға ретінде дамытуға жақсы мотивация болады. Балалардың осындай іс-шараларға және жалпы қоғамдық өмірге қатысуға деген ұмтылысын арттыруға фестивальдің ықпал ететіні сөзсіз.
РКС: Фестиваль бағдарламасы 3 негізгі спорт алаңын қамтиды. Боччадан инклюзивті командалық жарыс, командалық эстафета және 50, 100, 200 метр қашықтыққа командалық жүгіру. Әр командада бір сыныптағы үш оқушы, олардың біреуі ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы болуы шарт.
СНХ: РАШИДА СМИРНОВА, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫНЫҢ АНАСЫ: Бүгін инклюзивті фестивальге қатысып жатырмыз. Өте қызықты, толқып тұрмын. Бірінші рет бочча ойынына қатысып, үшінші орын иелендік. Әр баланың спорттық тұрғыда дамуы оның өмірінде өте маңызды. Балалар осындай жарыстар арқылы әлеуметтенеді, бір-бірімен танысады. Бала кез келген жетістікке жеткенде ата-ана үшін зор мәртебе. Мұндай ауқымда шаралар әрдайым өткізіліп тұрады, біз ешқайсысынан қалмай қатысып келеміз.
РКС: Фестиваль соңында жеңімпаздар дипломдармен, кубоктармен және арнайы медальдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары табыс етілді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ