ДИКТОР: Жаңа, 48-ші маусым Ақмола облыстық орыс драма театрында «Станционный Смотритель» атты спектаклімен басталды. Қойылымның премьерасы былтыр өткен еді. Десе де, биылғы маусымның ашылуына көрермен залында ине шаншар орын болмады. Шараның атмосферасын тілшіміз Евгений Варанкин жеткізеді.
РКС: Пушкиннің «Станционный Смотритель» шығармасы түп нұсқасында – пошта жылқыларының әңгімесі турасында. Сахнада әке мен қыздың өмірі бейнеленген. Әр көрермен сюжет желісін өзі түйіндеуі тиіс. Маусымаралық кезеңде спектакль халықаралық 4 фестивальге қатысты. Сол жерде «Станционный Смотритель» туындысы көрермен қошеметіне бөленген.
СНХ: ТИМУР КУЛОВ, ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕР: Қазанның 7-інде спектакльдің мерейтойы болды. Яғни, біз оны бір жыл бұрын шығардық. Бірнеше халықаралық фестивальдерді аралап үлгерді. Жақында біз Ақтау қаласынан үш үлкен театр жүлдесін алып келдік. Биыл бұл спектакль ТҮРКСОЙ сыйлығын жеңіп алды.
РКС: Рольдерді «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Владимир Овчинников пен Нұргүл Жүнісова, сондай-ақ Оксана Науменко, Тимур Валиев пен Анатолий Егориндер сомдады. Маусымның ашылуында спектакль көрермен тарапынан зор қошеметке ие болды. Зал тік тұрып актерлерге құрмет көрсетті.
СНХ: ФАИНА ТЕЛЕГИНА, КӨРЕРМЕН: Мен Щучинск қаласында тұрамын. Бізде театралдар тобы бар. Бірде-бір спектакльді жібермейміз. Қойылым сөзсіз, керемет. Фаина Раневская айтқандай, бізде әртістер сахнада роль ойнамайды, өмір сүреді. Мен сахнада қалай роль ойнауға болатынын елестете алмаймын. Шахмат немесе дойбы ойнауға болады, ал сахнада өмір сүру керек. Міне, біздің актерлер сахнада өмір сүреді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Спектакль аяқталғаннан кейін облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова театр ұжымының табыстарын атап өтіп, шығармашылық жетістіктер тіледі. Естеріңізге сала кетейік, былтыр облыстық орыс драма театрында 12 премьера болды. Театрға жыл бойы 45 мыңнан астам көрермен келді. Биыл да жаңа спектакльдер ұсыну жоспарланған. Айдың аяғында Островскийдің «Волки и овцы» атты жаңа қойылымының премьерасы болады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.