ДИКТОР: Соңғы үш жылда 800-ге жуық үлескер "Зеренді-Астық"серіктестігінің құрамынан шықты. Зеренді ауданына қарасты Айдабол, Үлгілі, Қызылегіс және Серафимовка ауылы тұрғындарының айтуынша, 26 жыл ішінде арам пиғылды директорлар компанияны күйретіп бітірген. Серіктестіктен шығар кезде үлескерлер жағымсыз хабар естиді. «Зеренді-Астық» серіктестігінің басшылары оларды ескертпестен жалға алған жерді банкке кепілдікке қойып жіберген. Қазір оны алып шығу мүмкін болмай отыр. Сот процесі жүріп жатыр, бірақ оның нәтижесі қандай болмақ? Тілшіміз Сабина Жамшитова баяндайды.
ЛЮФТ:
РЗК: Такие лозунги в этой местности стали нормальным явлением. Последние несколько лет пайщики отстаивают свои права на сельскохозяйственные земли. Однако, по словам жителей, возможность распоряжаться собственностью им не дает компания «Зеренда-Астык».
ЛЮФТ:
РКС: Бұл тұрғындардың жан айқайы. Үйреншікті әдетке айналғандай. Соңғы бірнеше жыл үлескерлер ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерін сақтап қалу үшін өз құқықтарын қорғауда. Бірақ, тұрғындардың айтуынша, "Зеренді-Астық" компаниясы өз мүліктеріне иелік етуге мүмкіндік бермей отыр.
СНХ: ЛЮБОВЬ ЗИМЕНА, АЙДАБОЛ АУЫЛЫНЫҢ ҮЛЕСКЕРІ: Былтыр біздің мәдениет үйінде үлескерлердің жиналысы өтті. Оған «Айдабол агро» серіктестігінің директоры Оразалин мен үлескерлер қатысты. Әркімнің өз басы бар ғой. Оразалинге өз еріктерімен өтті. Оған өткенімізге еш өкінбейміз.
РСК: Үлескерлер жиналысты өздері өткізгендерін айтты. Оған қатысқандардың тең жартысынан астамы «Зеренді-Астық» компаниясының құрамынан шығуға дауыс берген. Оған себеп көп. Серіктестік басшылары ауыл өмірін жақсартуға уәде берген. Ол оырндалған жоқ. Егін орағы аяқталған соң сапасыз пай үлестіріпті. Компанияның кейбір нысаны жылдар бойы иесіз қаңырап бос тұр. Барының өзі жаңартылмаған. Тіпті кейбірінің орнын сипап қалдық,-дейді ауыл тұрғындары.
СНХ: ВЛАДИМИР ТИМАНОВ, АЙДАБОЛ АУЫЛЫНЫҢ ҮЛЕСКЕРІ: Бізге пайды кеш берді. Егін орағы аяқталған соң, ол кезде жаңбыр жауып кеткен еді.Егіннің шығымына қараған жоқ. 3-3,5 центнерден пай берді. Сабан ештеңе берілген жоқ. Ал үлесімізге қарай шөп пен сабан берілуі тиіс еді.
РКС: «Зеренді-астық» серіктестігі басқарған кезеңде бұл жерде бұрын автопарк болған еді, қазір бәрі қираған. Мына жерде барлық станоктар тұратын, жөндеу базасының да орны жоқ. Шатыры құлаған, ешкімнің жаны ашып жатқан жоқ,-деп қынжылады тұрғындар. «Зеренді -Астық» серіктестігінің басшылығының уәжі мүлдем басқа. Олар белгісіз адамдар аудан әкімшілігінің ықпалымен жерді иемденіп алды деп отыр. Бірақ, үлескерлердің айтпағы мүлдем басқа.
СНХ: ВЛАДИМИР ТИМАНОВ, АЙДАБОЛ АУЫЛЫНЫҢ ҮЛЕСКЕРІ: Жуырда ауданға телеарна келіпті, бізге ешкім ескерткен де жоқ, кеш естіп қалдық. Олар бізді тыңдағысы да келмей, көліктеріне мініп, кетіп қалды. Они выслушали только представителей «Зеренді-Астық» өкілдерінің пікірін ғана тыңдап, үлескерлерге назар да аудармады. Бізбен сөйлескен де жоқ. Бізді тек жаманжағынан көрсетуге тырысып бақты. Оразалин жерді рейдерлік жолмен тартып алды деп көрсетті. Жағдай мүлдем олай емес.
РКС: Қызылегіс ауылының тұрғындары бұл мәселеге қатысты өз ұстанымдарын айтты. Айта кетейік, үлескерлердің серіктестік құрамынан шығуына байланысты міндетті түрде жиналыс өткізу туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар. Бірақ, осы күнге дейін оны серіктестік орындамаған. Басқаша айтқанда «Зеренді-Астық» сот шешімін орындауды міндетті деп санап отырған жоқ. Қазір ауыл тұрғындары «Қызылегіс» серіктестігін құрған. Үлескерлерінің үлестік жері бар. Олар енді «Зеренді-Астық» құрамына қайтадан бармаймыз деп отыр. Өз күштерімен жұмыстарын жалғастырмақ. Үлескерлер оларды осы уақытқа дейін серіктестіктің үнсіз пайдаланып келгеніне наразы. «Зеренді-Астық» серіктестігінің бірде-бір басшысы үлескерлердің жері 2017 жылдан бері кепілдікте тұрғанын айтпаған. Тұрғындар бұл жағдайды компания құрамынан шыққаннан кейін бір-ақ білген.
СНХ: ҚОНАЙ ДЕМЕСІНОВ, ҚЫЗЫЛЕГІС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Про этот залог мы узнаем только в 2022 году. Только после того, как мы со своими земельными паями вышли из состава «Зеренда-Астык». После этого, появляется зерновой консорциум, какие-то банки, до этого стояла тишина. Если б мы не вышли из состава «Зеренда-Астык», мы бы так и не узнали.
РКС: Қонай Демесінов қазір сот процесі медиацияны қолдану арқылы жүріп жатқанын айтты. Компания басшысы Қайрат Ахметов мәмілеге келуден бас тартып отыр. Серіктестікте ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ, еңбектің бәрі зая кетіп жатыр,-дейді үлескерлер.
СНХ: ҚОНАЙ ДЕМЕСІНОВ, ҚЫЗЫЛЕГІС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Вот, смотрите, какие они хорошие, такого тока механизированного по всей области не было. Вот, посмотрите, весовая, крыша лежит так уже 3 год. Больше двух вот эта крыша лежит, на которой хлеб взвешивают, свой товар. Посмотрите площадку, вся заросла бурьяном.
РКС: Үлескерлер өздеріне тиесілі жерді заң шеңберінде қорғайтындарын мәлімдеп отыр. Қол жайып қайыр сұрап жүрмейміз, оларға қайтып та бармаймыз деп отыр ауыл тұрғындары. 25 жыл ішінде басшылары ғана ауысып келді. Соңғы 12-13 жылда ештеңе өзгермегеніне қынжылады үлескерлер.
СНХ: НҰРЖАН ЖАНТАЕВ, ҮЛГІЛІ АУЫЛЫНЫҢ ҮЛЕСКЕРІ: «Зеренді-Астық» серіктестігі біздің жерімізді жалға алды. Өз міндеттемелерін орындаған жоқ, ешқандай пай бермеді. Үлесімізді таза бидай, арпа түрінде беруі тиіс еді, олар бізге тек қалдық таратты. Оны біз місе тұтып отырғанымыз жоқ. Өйткені, онымен отбасымызды қалай асыраймыз? Соның салдарынан көпшілігі ауылдан көшіп кетті. Өз еркімізбен серіктестіктің құрамынан шықтық.
РКС: Үлескерлер әділеттіліктің орнайды деп үміттеніп отыр. Десе де, көпшілігі жерлерін қайтарып бермей ме деп алаңдайды. Егер мәселе оң шешілмесе, барлық талпыныс жайына қалады. Бұл дауға қатысты сот процесі әлі жүріп жатыр.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ