ДИКТОР: Өңірдегі бірнеше шаруа қожалығы егінді толық жинап алды. Олардың қатарында Сандықтау ауданы Приозерное ауылындағы «Агро LАKE» серіктестігі бар.

РКС: Серіктестіктің жалпы егістік көлемі 5600 гектар. Оның 2300 гектары бидай, 500 гектардан астамы арпа. 300 гектарға жуығы бұршақ, 500 гектары көпжылдық шөп. Алқапта зығыр мен жасымық да егіледі.

СНХ: АНДРЕЙ ГАЛЮК, «АГРО LАKE» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл астықтың шығымы гектарына 30-35 центнерді құрады. Зығыр гектарына 10-11 центнер болды. Сапасы жаман емес 3-4 класс.

РКС: Егін жинау науқанына 8 өнімділігі жоғары комбайн шықты. Шаруа қожалығы құрылған уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан Александр Сергеев астықтың сапасы мен қолайлы еңбек жағдайына тоқталды.

СНХ: АЛЕКСАНДР СЕРГЕЕВ, КОМБАЙНШЫ: Биыл өте жақсы астық алдық. Өнім жақсы шықса жұмыс істеуге деген құлшынысымыз артады. Тәулігіне 20-дан аса бункер бастырылды. Барлығы жақсы, еңбекақымыз көңілден шығады.

РКС: Сондай-ақ серіктестік иелігінде 400-ге жуық герефорд тұқымды ірі қара, 300 жылқы бар. Қазір олар малдың қысқы азығын дайындауда.

СНХ: АНДРЕЙ ГАЛЮК, «АГРО LАKE» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл қысқа 1 мың тонна пішен дайындадық. Енді сабан дайындап жатырмыз. Шамамен 2-3 мың тонна бидай мен арпа сабанын да әзірлейміз.

РКС: Алдағы уақытта шаруашылық мал басын да көбейтпек. Герефорд сиыры мен бұқа санын 15-20 процентке көбейту жоспарланып отыр.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.